«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

 Письмо объявление на каз общий конкурс

«Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Өскемен қ., Гоголь  к., 36,  205 кабинет, тел.  8 (7232) 52-32-33, 52-32-06, e-mail: densaulyk@akimvo.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

 

  1. Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы, (05-1) (1-бірлік) D-О-3 санаты, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 109932 теңгеден 149242 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің алқа қаулыларын, хаттарын, бұйрықтырын орындау туралы ақпаратты дайындауды жүзеге асыру және тікелей тапсыру. Бала және перзентхана қызметінің бас мамандарын ақпараттық қамтамасыз ету. Жедел, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жинақтарды құрастыру. Бөлім құзыреттілігі шегінде азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау. Қызмет бойынша сапалық және сандық көрсеткіштерді талдау, статистикалық жинақтарды, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жинақтарды құрастыру. Әдістемелік нұсқаулықтар жасауға қатысу, педиатриялық және акушерлік-гинекологиялық көмек көрсететін барлық буындарды, кезеңдерді олармен қамтамасыз ету. Әйелдер және балалар консультациясы құрамында іссапарға шығу жұмыстарына қатысу. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін өз құзіреттілігі шегінде қарастыру. Вакцинадан кейінші асқынулар мен екпелерден болатын күшті реакциялар себептерін анықтау жөніндегі  іс-шараларды толық және уақытында өткізуге бақылау жасау. Алдын – алу екпелеріне, бактериялық және медициналық иммундық-биологиялық препараттарға өтінімдерді жоспарлауға қатысу. Облыстың емдеу желісі ұйымдарының тоңазытқыштық және изотермиялық жабдықтарға қажеттіліктерін анықтайды, «таңазытқыштық тізбектің» сақталуына бақылау жасау.

Вакцинамен басқарылатын аурушаңдықтарды және өлім жағдайларын төмендетуге бағытталған іс-шаралардың толық және уақытында  өткізілуіне бақылауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология) салаларында жоғары білім

  1. Стратегиялық даму және жобалау менеджменті бөлімінің басшысы, (10-1) (1-бірлік) D-О-3 санаты, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 109932 теңгеден 149242 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: ҚР денсаулық сақтау министрлігі коллегиясының бұйрықтары хаттары, қаулылары, облыс әкімінің қаулысы, шешімі мен жарлықтары, ҚР Үкіметінің нормативті-құқықтық актілері, ҚР Президентінің нормативті-құқықтық актілері бойынша ақпарат дайындау және тапсырмаларды орындау.

Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, салық бағдарламалары, стратегиялық жоспарлар мониторингі, дайындау және талдау. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды орналастыру. Жылдық, тоқсандық, ай сайынғы жедел есептерді дайындау. Мемлекеттік бағдарламалар, меморандумдар, аймақтық даму жоспарларының көрсеткіштерін мониторингілеу. Денсаулық сақтау саласындағы жобалық басқару жүйесінің мониторингі мен талдауын іске асыру. Медициналық мекемелерге ұйымдасқан-әдістемелік көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері  бойынша хат алмасу. Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруға көшіру бойынша мониторинг жүргізу –  Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау саласындағы ведомствалық статистикалық қадағалауды ШҚО шегінде статистикалық әдіснаманы сақтай отыра жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау қызметері туралы жергілікті атқару органдарымен және денсаулық сақтау Министрі арасында келісім (меморандум) жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және олардың орындалу мониторингін жүзеге асырады;

Өңірдің  дамыту бағдарламасының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;

Облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасында жәнеде ҚР денсаулық сақтау Министрі мен ШҚО әкімі арасындағы Меморандум көрсеткіштерінің талдауы мен мониторингін жүзеге асыру.

Жобалық басқарулар мониторингі мен талдауын жүзеге асыру: ҚР ДСМ, облыс әкімдігі және ҚР ДСМ толық жоспары;

Емдеу-алдын алу мекемелеріне ұйымдасқан және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізеді.

Бөлім құзерттілігі аясында азаматтардың өтініштерін қарап жауап беру.

Мекемелар мен жоғары тұрған ұйымдарға есеп берулер мен хат алмасуларды жүзеге асырады.

Қаржы-шаруашылық қызметттің көрсеткіштерінің орындалуы мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты жалпылау мен талдау мақсатында бағынышты ұйымдардың даму жоспарының мониторингі ары қарай бекітілумен.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдыр, экономика және бизнес  (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология)  саласында жоғары.

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (03-1-1) (негізгі қызметкердің ұзақ мерзімдегі оқу кезеңінде) D-О-4 санаты бойынша 1-бірлік, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімін шешімдері мен өкімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің алқа қаулыларын, хаттарын, бұйрықтарын орындау туралы ақпаратты дайындауды жүзеге асыру және тікелей тапсыру. Аурушаңдықтардың  алдын-алуға  бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу, терапевтік көмектің  тиімділігін және сапасын арттыру, облыстың денсаулық сақтау ісінің кешенді бағдарламаларын әзірлеу, алдын-алу, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын практикаға енгізуге бақылау жасау. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ішкі бақылау жүргізу, емдеу алдын алу ұйымдары қызметін ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар бойынша ведомстоваралық комиссияларға ақпарат дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. ҚАБЭЖ  бойынша кіріс және шығыс құжаттарымен жұмыс жасау. Емдеу алдын алу жұмысы бойынша, медициналық көмек ұйымдастыру бойынша басқарма бұйрықтарын дайындау.   Жоғарғы ұйымдарға, құқық қорғау  органдарынажеке және заңды тұлғалар өтіністері бойынша сұранымдарға жауап дайындау және жолдау. Бөлім жұмысы бойынша есеп дайындау. Жол карталары бойынша талдау және мониторинг жүргізу. Жобалау басқармаларымен жұмыс жүргізу. Облыс көлемінде өткізілетін ісшараларды медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Пациенттер құқығын қорғау қызметі жұмысын мониторингілеу (ішкі аудит). Мемлекеттік қызмет көрсетуді ішкі бақылау жүргізу, емдеу алдын алу ұйымдары қызметін ұйымдастыру Облыстың бас мамандарының жұмысын үйлестіру және бақылау. Ғылыми-практикалық конференциялар, конгрестер, облыстың бас мамандары кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды іске асыру. Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы бойынша ведомстоваралық комиссияларға ақпарат дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Әскери шақыру жұмысын ұйымдастыру туралы құжаттар мен ақпараттар дайындауды іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология) саласындағы жоғары білім.

  1. Медициналық көмекті ұйымдастыру бөлімінің бас маманы (03-1-2) D-О-4 санаты бойынша 1-бірлік, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімін шешімдері мен өкімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің алқа қаулыларын, хаттарын, бұйрықтарын орындау туралы ақпаратты дайындауды жүзеге асыру және тікелей тапсыру. Аурушаңдықтардың  алдын-алуға  бағытталған іс-шараларды әзірлеу және өткізу, терапевтік көмектің  тиімділігін және сапасын арттыру, облыстың денсаулық сақтау ісінің кешенді бағдарламаларын әзірлеу, алдын-алу, диагностикалау және емдеудің жаңа әдістерін, еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын практикаға енгізуге бақылау жасау. Мемлекеттік қызмет көрсетуді ішкі бақылау жүргізу, емдеу алдын алу ұйымдары қызметін ұйымдастыру. Төтенше жағдайлар бойынша ведомстоваралық комиссияларға ақпарат дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. ҚАБЭЖ  бойынша кіріс және шығыс құжаттарымен жұмыс жасау. Емдеу алдын алу жұмысы бойынша, медициналық көмек ұйымдастыру бойынша басқарма бұйрықтарын дайындау.   Жоғарғы ұйымдарға, құқық қорғау  органдарынажеке және заңды тұлғалар өтіністері бойынша сұранымдарға жауап дайындау және жолдау. Бөлім жұмысы бойынша есеп дайындау. Жол карталары бойынша талдау және мониторинг жүргізу. Жобалау басқармаларымен жұмыс жүргізу. Облыс көлемінде өткізілетін ісшараларды медициналық көмекпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Пациенттер құқығын қорғау қызметі жұмысын мониторингілеу (ішкі аудит). Мемлекеттік қызмет көрсетуді ішкі бақылау жүргізу, емдеу алдын алу ұйымдары қызметін ұйымдастыру Облыстың бас мамандарының жұмысын үйлестіру және бақылау. Ғылыми-практикалық конференциялар, конгрестер, облыстың бас мамандары кеңесінің жұмысын ұйымдастыруды іске асыру. Төтенше жағдайлар және жұмылдыру жұмысы бойынша ведомстоваралық комиссияларға ақпарат дайындау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау. Әскери шақыру жұмысын ұйымдастыру туралы құжаттар мен ақпараттар дайындауды іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология) саласындағы жоғары білім.

  1. Экономикалық талдау және жоспарлау бөлімінің бас маманы D-О-4 санаты бойынша 1-бірлік (07-1-1), 2-бірлік (07-1-2), (07-1-3) (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіне) еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Басқарманың қаржылық қызметін ұйымдастыруды жүзеге асыру. Медициналық көмек түрлері бойынша бағаларды ескеру, медициналық қызметкерлерге арналған бағалау жүйесін ұйымдастыру және қатысу. Еңбекке ақы төлеу мәселесі бойынша әдістемелік басшылық жасау жұмыстарын жүзеге асыру мен ұйымдастыру. Басқару штаттық кестесі, смета құру, қаржының өз мақсатына жұмсалуына бақылауды қамтамасыз ету. Ұзақ мерзімді экономикалық нормативтерді дайындауға қатысу. Есеп беруді қаржы басқармасымен бекітілген нысан бойынша және мерзімінде өткізуді қамтамасыз ету. Облыстың емдеу-алдын алу мекемелеріндегі толық жөндеу жұмыстары мен құрылыстың орындалуын бақылау.медициналық мекемелердегі, мемлекеттік-жекеменшік серіктестіктердегі құрылыс жұмыстарының мәселесі бойынша бақылау жасау.Инвестициялық жобалардың жұмыстарын ұйымдастыру мен оларға бақылау жасауды ұйымдастыру. Облыстағы медициналық мекемелер бойынша экономикалық мәселелер бойынша әдістемелік жұмыстар, мониторинг, талдау, бөлімді жалпы басқару. Медициналық мекемелердің даму жоспарының мониторингіне бақылау жасауды жүзеге асыру. Медициналық мекемелердегі еңбекақы төлемінің кейбір сұрақтарын, ШЖҚ кәсіпорындардың басшылық құрамының еңбекақы жүйесін түсіндіруді жүзеге асыру, денсаулық сақтау объектілерінің жылыту маусымына дайындығының мониторингі. Медициналық ұйымдардың жолдау хаттары мен жоғары тұрған ұйымдардың бақылаулық хаттарына жауаптар дайындау. ТМККК орналастыру және денсаулық сақтау қаржыландыруын бөлу. ШҚО бойынша МЖС өзара әрекеттесу, МЖС аясында жүзеге асырылатын жобалар – сенімді басқару, концессиялық жобалар бойынша сұрақтарды талқылау, МЖС бойынша жүзеге асырылатын жобалар бойынша ҚР ДСМ айсайын есеп беру. Ведомства қол астындағы мекемелердің бюджеттік қаржыларын шығындау бойынша есептерді тексеру, қабылдау, келісім-шарттар жасасу, «Ана мен баланы қорғау қызметі» 006, «Орта білімнен кейінгі, кәсіби және техникалық білім беру мекемелерінде мамандар дайындау» 043 бағдарламалары бойынша қаржыландыру.ШҚО денсаулық сақтау бойынша бюджет жобасын дайындау, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жеке жоспарын жасау және өзгертулер енгізу, «Парус-Каз» бюджеттік жоспарлау бағдарламасындағы тұрақты негізде жұмыс жасау, жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарлмаларды келісу, денсаулық сақтау бюджетіне өзгертулер енгізу, медициналық ұйымдардың үндеу хаттары мен жоғары тұрған ұйымдардың бақылаулық хаттарына жауаптар дайындау.Экономика, қаржы басқармаларымен, ҚР ДСМ ШҚО бойынша Қазыналық Департаментімен үнемі тығыз байланыста болу. Ведомства қол астындағы мекемелердің бюджеттік қаржыларын шығындау бойынша есептерді тексеру, қабылдау, келісім-шарттар жасасу, «Арнайы меджабдықтаудың облыстық базалары» 029 бағдарламасы. Басқарма аппаратының шығындарын есептеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: «Әлеуметтік ғылымдыр, экономика және бизнес»  (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) саласындағы жоғарғы білім.

  1. Бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы (09-1-1) D-О-4 санаты бойынша 1-бірлік, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: ҚР денсаулық сақтау министрлігі коллегиясының бұйрықтары хаттары, қаулылары, облыс әкімінің қаулысы, шешімі мен жарлықтары, ҚР Үкіметінің нормативті-құқықтық актілері, ҚР Президентінің нормативті-құқықтық актілері бойынша ақпарат дайындау және тапсырмаларды орындау. Бухгалтерлік есеп беру шоттарындағы орындалатын шаруашылық операциялардың барлығының көрінуіне бақылауды қамтамасыз ету, басқарманың қаржылық жағдайы бойынша жедел есептерді ұсыну, бухгалтерлік есептерді белгіленген мерзімде дайындау. Республикалық бюджеттен ағымдағы мақсатты  трансферттердің мониторингі. Жергілікті бюджеттен бөлінетін қаржыны игеру мониторингі.Ақшалай қаржы мен материалдық құндылықтардың сақталуы үшін және белгіленген тәртіпте өзгерту енгізуді есепке алумен бюджет бойынша қаржыландырудың бекітілген жоспары бойынша ашылған лимиттер мен олардың мақсатты тағайындауларына сәйкес қаржыны тиімді және дұрыс  қолдануға бақылау жасауды жүзеге асыру;Өз бетінше есеп жүргізетін мекемелерде бухгалтерлік есепті дұрыс жүргізу мен қаржыландыру жоспарының орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру;Басқа бюджеттен тыс қаржылар бойынша операцияларды тіркеу  және арнайы қаржылардың сметасы бойынша кірістер мен шығындарды тіркеуді жүзеге асыру; Қызметкерлердің еңбекақы төлемін мерзімінде түсіруді жүзеге асырады; Шаруашылық жұмыстарының меңгерушісінің жұмысына және операторлар, қабылдау бөлімінің хатшысы, іс-қағаздарын жүргізушілерді қоспағанда басқада техникалық қызметкерлердің жұмыстарына бақылау жасауды жүзеге асырады;Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін тұрғылықты жерінен басқа жерге баратын астана және республикалық маңыздағы қалалар мен облыстардың жергілікті уәуілетті органдарымен анықталған, тізім бойынша бөлек санатты азаматтарға ел ішінде жүру жолақысын төлеуді қамтамасыз етеді;Мемлекеттік бюджетке төлемдердің, зейнетақы қорларына, әлеуметтік сақтандыруға жарналардың уақытында және дұрыс түсуін, қарыздардың өз мерзімінде жабылуын қамтамасыз етуді жүзеге асырады;Басқарма және ведомствалық бағынышты ұйымдарды қаржыландыруы бойынша Қазынашылықпен операциялар жүргізуге. Бөлім құзіреттілігінің шегінде азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Әлеуметтік ғылымдыр, экономика және бизнес (экономика, қаржы, есеп және аудит) саласындағы жоғары білім.

  1. Стратегиялық даму және жобалау менеджменті бөлімінің бас маманы (10-1-1)D-О-4 санаты бойынша 1-бірлік, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: ҚР денсаулық сақтау министрлігі коллегиясының бұйрықтары хаттары, қаулылары, облыс әкімінің қаулысы, шешімі мен жарлықтары, ҚР Үкіметінің нормативті-құқықтық актілері, ҚР Президентінің нормативті-құқықтық актілері бойынша ақпарат дайындау және тапсырмаларды орындау.Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік, салық бағдарламалары, стратегиялық жоспарлар мониторингі, дайындау және талдау. Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік бағдарламаларды орналастыру. Жылдық, тоқсандық, ай сайынғы жедел есептерді дайындау. Мемлекеттік бағдарламалар, меморандумдар, аймақтық даму жоспарларының көрсеткіштерін мониторингілеу. Денсаулық сақтау саласындағы жобалық басқару жүйесінің мониторингі мен талдауын іске асыру. Медициналық мекемелерге ұйымдасқан-әдістемелік көмек көрсету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері  бойынша хат алмасу. Денсаулық сақтау саласындағы цифрландыруға көшіру бойынша мониторинг жүргізу –  Шығыс Қазақстан облысының аумағындағы денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.Денсаулық сақтау саласындағы ведомствалық статистикалық қадағалауды ШҚО шегінде статистикалық әдіснаманы сақтай отыра жүзеге асырады.Денсаулық сақтау қызметері туралы жергілікті атқару органдарымен және денсаулық сақтау Министрі арасында келісім (меморандум) жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және олардың орындалу мониторингін жүзеге асырады;Өңірдің  дамыту бағдарламасының мониторингі мен талдауын жүзеге асыру;Облыс әкімі мен ҚР Премьер-Министрі арасында жәнеде ҚР денсаулық сақтау Министрі мен ШҚО әкімі арасындағы Меморандум көрсеткіштерінің талдауы мен мониторингін жүзеге асыру. Жобалық басқарулар мониторингі мен талдауын жүзеге асыру: ҚР ДСМ, облыс әкімдігі және ҚР ДСМ толық жоспары;Емдеу-алдын алу мекемелеріне ұйымдасқан және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізеді.Бөлім құзерттілігі аясында азаматтардың өтініштерін қарап жауап беру.Мекемелар мен жоғары тұрған ұйымдарға есеп берулер мен хат алмасуларды жүзеге асырады.Қаржы-шаруашылық қызметттің көрсеткіштерінің орындалуы мен бағдарламалық құжаттардың орындалуы туралы ақпаратты жалпылау мен талдау мақсатында бағынышты ұйымдардың даму жоспарының мониторингі ары қарай бекіту.

Білімі: Әлеуметтік ғылымдыр, экономика және бизнес  (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару), құқық (құқықтану), «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология) жоғары білім,

  1. Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңінде), (05-1-1) (1-бірлік) D-О-3 санаты, еңбек еткен жылдарына байланысты лауазымдық еңбекақысы 83282 теңгеден 112431 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:

Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерін, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін, облыстық әкімдіктің қаулыларын, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің алқа қаулыларын, хаттарын, бұйрықтырын орындау туралы ақпаратты дайындауды жүзеге асыру және тікелей тапсыру. Бала және перзентхана қызметінің бас мамандарын ақпараттық қамтамасыз ету. Жедел, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық жинақтарды құрастыру. Қызмет бойынша сапалық және сандық көрсеткіштерді талдау, статистикалық жинақтарды, ай сайынғы, тапсыру. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV, белгіленген тәртіппен бекітілген есептіліктерді, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің директивалық құжаттарын және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілерін орындау. Амбулаториялық деңгейде тұрғындардың жекелеген санаттарының өте қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұтынуын талдау, болжау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған өтінімдерді қалыптастыру. Облыстың бас мамандарымен амбулаториялық науқастарды ҚР денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес жеңілдікті қамтамасыз етуге арналған қажеттілікті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу. Облыстың кез-келген меншік түріндегі емдеу-алдын алу мекемелерімен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге арналған нормативтер мен өтінімдерді қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізу. Облыс тұрғындарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру. Бастапқы құжаттар негізінде шүбәсіз есептерді уақытында дайындау, оларды белгіленген мерзімде қажетті органдарға ұсыну. Барлық қажетті есептерді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне уақытында ұсыну. Бөлім құзыреттілінің шегінде азаматтардың хаттары мен өтініштерін қарау. Медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдарға талдау және мониторинг жүргізу. «СК Фармация» ЖШС, ШҚО бойынша Фармация Комитетімен облыс тұрғындарын дәрі дәрмекпен қамтамасыз ету туралы озара қарымқатынасты жүзеге асыру. Жоғарғы ұйымдарға, құқық қорғау органдарына дәрі дәрмекпен және медициналық техникамен қамтамасыз ету бойынша хат алмасуды жүзеге асыру. Арнайы рецепт бланктарын беруді ұйымдастыру және қадағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі «Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету»  (медбике ісі, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация, медициналық-алдын алу ісі, жалпы медицина, стоматология), жоғары білім

Құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Д-О-4 санаты бойынша жұмыс тәжірбиесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:

  • Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  • Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес 3х4 үлгідегі түрлі түсті фотосуретпен нысан бойынша толтырылған «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісімдердің) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

  • еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а.  2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  • құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар электронды түрде «Шығыс Қазақстан облысының  денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің электрондық поштасы немесе «Е-gov» электрондық үкімет порталы  арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі; ШҚО, Өскемен қ., Гоголя 36, 205 кабинетке ұсынылуы қажет.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым түсіру бойынша ақпарат: конкурс қатысушылары мен кандидаттар шешім шығарылған күннен бастап 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентітігі) немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты шағым түсіре алады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің сайты www.kyzmet.gov.kz.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар мемлекеттік органның және уәкілетті органның Интернет-ресурсында конкурс өткізілетіні туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептелетін 7 жұмыс күн ішінде  ШҚО, Өскемен қаласы, Гоголь көшесі 36 мекенжайындағы, 205  бөлмеге ұсынылуы қажет.

Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне  5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 4.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл  агенттігі төрағасының  2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.

Анықтама телефоны: 8-/7232/52-32-33, e-mail: densaulyk@akimvo.gov.kz

 

 

 

 

 

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған