«АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» мақсатында іс-шара өтті

IMG-2019042929.04.2019 жылы Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» 8-сынып оқушылар арасында «АИТВ/ЖИТС-тің алдын алу» атты семинар мен «АИТВ/ЖИТС-жайлы не  білесің?» тақырыбында викторина өткізді.

Басты мақсаты: АИТВ/ЖИТС туралы жастарға кеңінен мәлімет беру, жасөспірімдердің өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға қалыптастыру, салауатты өмір салтына бейімдеу болып табылады.

Семинар мен викторина барысында тақырыпты ашу үшін, оқушылар пікірлерімен бөлісіп жаттығулар орындап өз ойларын толықтырды.

 

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған