Жіті ішек жұқпасы

52a3017Өскемен қаласында жіті ішек жұқпасы бойынша эпидемиологиялық жағдай қалыпты деп бағаланады. 2019 жылмен салыстырғанда, аурушаңдық 39 жағдайға төмендегені байқалады, бұл 14 жасқа дейінгі балалардың 37,1 % құрайды. Аурушаңдыққа талдау жасау кезінде, жасанды тамақпен тамақтанатын ерте жастағы балалардың 48,6%-ы ЖІЖ шалдыққан, ал аралас (ана сүтімен қоса, басқа да тағамдар) тамақпен тамақтанатындардың 36,5 %-ы.

Жіті ішек жұқпасы туралы ақпарат жиі айтыла бергенмен, көп жағдайда біз мамандардың кеңестеріне құлақ аса бермейміз. Бұл аурушаңдық өздігінен келіп, өздігінен айығып кетпейді, сондықтан тағы бір мәрте жіті ішек жұқпасы туралы ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз.

Ішек жұқпаларына дизентерия, энтерит, сальмонеллез, тамақтан уыттану, іш сүзегі, паратиф жатады. Ішек жұқпасы ауруы кезінде клиникалық белгілер әртүрлі болады. Ортақ болып келетін белгілерол -дене қызуының көтерілуі, жүрек айну, құсу, іш ауру, метеоризм, нәжістің сұйық болуы, уыттану белгілері, бас ауру, тәбеттің болмауы, ауыр түрінде кездскен жағдайда өліммен аяқталуы да мүмкін. Аурудың белгілері біліне бастағаннан ақ медициналық көмекке жүгіну қажет. Өздігінен ем қабылдауға болмайды.

Бұл аурушыңдықтың қоздырғышы – ішек таяқшалары болып табылады. Қоздырғыштар сыртқы ортаға өте төзімді болады. Топырақта, суда және әртүрлі заттарда ұзақ уақыт өмір сүре алады. Мысалы, тұрмысстық ыдыстарда, қасықта, үй жиһаздарында. шек таяқшалары суықтан қорықпайды, алай         да жылы ылғалды жерді жақсы көреді. Сүт және сүт өнімдерінде ішек таяқшалары сақталып қана қоймай, тағамның түрі мен дәмін өзгертпестпен көбейеде алады.

Науқасдамдар мен бактерия тасымалдаушылар жұқпа көзі болып табылады. Әсіресе аурудың жеңіл, «жасырын» түрінде болатын науқастар сыртқы ортаға аурудың қоздырғыштарын белсенді түрде шығарады. Бұндай науқастар жеке бас гигиенасын сақтамаған жағдайда, лас қолдармен микробтар тұрмыстық заттарға, орамалға өтеді. Бау бақшалар лас нәрселермен құнарландырылған болса, ішек жұқпалараы жеміс-жидек, көкеністермен де жұғуы мүмкін. Ішек жұқпасының таралуына себеб болатын бірден бір фактор – су болады. Көп жағдайда жауын суымен, еріген қар суымен араласқан ашық суқоймасындағы суда ішек таяқшаларымен ластанады. Сондықтан суға шомылу кезінде де ішек жұқпасын жұқтыру қаупі бар.

Микроптар ағзаға түскеннен кейін сипмтомсыз инкубациялық кезең көп жағдайда 6-48 сағатқа созылады.

Ішек жұқпасы аурушаңдығын жеңу, оны болдырмау, тек медициналық қызметкерлерге қатысы бар аурушаңдық деп айта алмаймыз. әр адамның мәдениетіне, санитарлық тазалығына байланысты болатын ауру түрі. Ересек адамдардыңөз денсаулығына немқұрайлы қарауы – олардың балаларына да әсерін тигізеді. Өйткені, балалар жіті ішек жұқпасын жұқтыруға бейім келеді және олар ересектерге қарағанда, ішек жұқпасын ауыр қабылдайды.

Сондықтан естеріңізде болсын, ішек жұқпасынан сақтану жолдары өте қарапайым және артық шыығынды қажет етпейді.

  • Сырттан үйге кіргенде, қоғамдық орындардани келгенде, дәретханадан кейін, бала емізер кезде қолды сабынмен мұқият жуу қажет.
  • Шикі суды, ашық суқоймалардағы суды, сапасына күмәнді құдықтағы суды ішуге болмайды.
  • Жеміс жидектерді ағын судың астында мұқият жуып, ыстық сумен шаю керек.
  • Дүкеннен алынған пастерленген сүтті де қайнатып ішкен жөн.
  • Етті 2-2,5 сағат, ал балықты кемінде 30 мин қайнату қажет.
  • Майонезбен араластырылған салаттарды 3 сағаттан артық сақтауға болмайды.
  • көкеністер, жартылай фабрикаттарды 6 сағат қана сақтау қажет.
  • Егер азық-түліктер 5 сағаттан артық сақталса, оларды қолданар алдында термикалық өңдеуден өткізу керек.
  • Тез бұзылатын тағамдарды тоңазытқышта сақтау керек.
  • Арнайы бөлінген жерлерде ғана суға шомылу керек.
  • Үйдегі тағам қоқыстарын уақытылы шығарып отыру.
  • Жеке бас гигиенасын сақтау керек
  • Көше бойында сатып тұрған тағамдарды алмаған жөн.

Егер сізде ішек жұқпасының белгілері байқала бастағанда дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Уй жағдайында өздігінен емделу әртүрлі асқынуларға немесе бактерия тасымалдаушылыққа әкеледі, бұл сізді қоршаған адамдарға қауіпті. Нәтижесінде, отбасында ішек жұқпасының қайталап тіркелу жағдайы орын алып жатады.

Егер, сіз жеке бас гигиенасын сақтап, жоғарыда аталған сақтақ шараларын ескерсеңіз, өзіңізді және сізді қоршаған адамдарды аурудан сақтай аласыз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған