Жүктілік және аутоиммундық аурулар

beremenost1548Қазақстан халқының миллионнан астам тұрғыны аутоиммундық аурулардан зардап шегеді. Онымен қоймай, соңғы жылдың өзінде, бұл ауруға жиырма алты мыңдай адам шалдықты. Бұл ауру ең құпия аурулардың бірі болып табылады, өйткені, бұл аурудың себептері әлі күнге дейін толық анықталмай отыр.  Аутоиммундық аурулар әйелдерде 5 есе жиірек кездеседі, бұл аурудың өршіп-асқыну шегі, көбінесе,  20 жастан 45 жасқа дейінгі, яғни, нәресте көтеріп, дүниеге сәби әкелетін жастағы әйелдер арасында орын алады. 

Ревматизм аурулары кезіндегі жүктіліктің өз ерекшеліктері мен қаупі бар, және оларды азайтуға болады. Төменірек жүктіліктің кейбір жеке аурулардың клиникалық ағымына қалай әсер ететіні туралы, сонымен қатар, бұл аурулардың жүкті әйелдің денсаулығына қалайша ықпал ететіні жайлы қысқаша тоқталып өтеміз.

Антифосфолипидтік синдром АФС – бұл аутоиммунндық ауру, бұл ауру кезінде тромбоздар пайда болуы мүмкін және ол өз кезегінде жүктілік кезіндегі құрсақтағы сәбидің шетінеп кету қаупін ұлғайтады және жүктілік ықпалынан туындаған  гипертензия,  преэклампсия және жатыр ішіндегі сәбидің дамуын тежейтін ауруларды тудыруы мүмкін.

АФС кезінде фосфолипитдік байланыстағы ақуыздарға қарсы аутоантиденелер көбейеді, бұл денелер қанның ұю қабілетін төмендетеді.  АФС, көбінесе, бір немесе 3 және одан астам түсік жасаған, анамнезде эмбрионнан айырылып қалған әйелдерде туындауы мүмкін, ондай әйелдерде этиологиясы белгісіз тамыр  тромбоэмболиясы немесе жүктілік кезінде жаңа тамыр  тромбоэмболиясының асқынуы пайда болып жатады.  Бұл аурудың диагностикасы 12 апта барысында оңды нәтиже көрсетіп тұрған әрекеттегі антифосфолипидтік антиденелер деңгейін өлшеу жолымен жүргізіледі.  Антифосфолипидтік синдромы бар әйелдерге, әдетте, антикоагулянттар және жүктілік кезінде және босанудан кейін 6 апта барысында төмен мөлшерде аспирин беру арқылы профилактикалық емдеу жүргізіледі.

Жүктілік кезіндегі ревматоидтық  артрит.

Ревматоидтық артрит жүктілік кезінде, немесе, жиі кезде босанудан кейінгі мерзімде пайда болуы мүмкін. Жүктілік кезінде болған РА, әдетте, уақытша бәсеңдеп қалады. Жатырдағы ұрыққа ешқандай арнайы әсері болмайды, алайда, босану кезінде жамбас-бел буындары немесе омыртқаның бел буындарының зақымдануы босануға кедергі жасауы мүмкін.

Егер РА жүктілік кезінде өршіген болса, онда ең басты емдеу – ол преднизолон. Емдеуге келмесе, онда басқа  иммуносупрессорлар қажет болуы мүмкін.

Жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ) ауруы жүктілік кезінде туындауы мүмкін.

Екінші триместрде себепсіз дамымай қалған жүктіліктері, жатырдағы ұрықтың дамымай қалу жағдайлары бар, уақытынан ерте босанған немесе әдетте түсік түсіре беретін әйелдерде, жиі кезде, кейіннен ЖҚЖ пайда болады.

Жүктілік кезіндегі ЖҚЖ ағымын алдын ала анықтау мүмкін емес, алайда, ол әсіресе, босанғаннан кейін дереу  асқынып кетуі мүмкін. Сондықтан, сәби көтеру уақытын кем дегенде 6 айға дейін шегеріп, ауруды емдеу қажет, емдеу кестесі алдын ала белгіленіп, бүйрек гипертензиясы мен қызметі де өз шегінде қызмет етеді.

Асқыну кезінде келесі синдромдар орын алуы мүмкін:

  • Жатырдағы ұрықтың дамуының бұзылуы
  • Преэклампсия себебінен уақытынан ерте босану
  • Плацента арқылы ананың антиденелері өтуі салдарынан сәбидің туа біткен жүрек ақауы

Ана ауруы және өлімі қаупін арттыратын жүктілікке дейін болған күрделі бүйрек және жүрек аурулары.

Жаңа туған нәрестелерде қан аздық, тромбоцитопения немесе лейкопения туындауы мүмкін, бұл аурулар туғаннан кейін алғашқы апта барысында ананың антиденелері жойылған кезде жоғалып кетеді.

Акушер–гинекологтар мен ревматологтардың міндеті –ревматизм ауруын ұзақ ремиссияға шығару, ревматизм ауруын өршітіп отырған инфекцияларды емдеу, мүмкіндігінше ауруды туындататын барлық факторларды жою болып табылады.

Нәресте көтерген кезде және жүктілік кезінде әдеттегі емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді (метотрексат, преднизолон, моноклоналдық антиденелер) қолдануға болмайды. Алайда, аутоиммундық ревматизм аруларын бақылауда ұстау үшін басқа да мүмкіндіктер бар, мысалы, тамырға жіберетін иммуноглобулиндер. Емдеу Сіз үшін де және Сіздің сәбиіңіз үшін де қауіпсіз болуы тиіс.

Егер жүктілікке дайындалу кезінде жүйелі қызыл жегі (ЖҚЖ), ревматоидтық артрит, Бехтерев ауруы болса, онда ол ауруларды алдын ала емдеп, барлық қауіптерді азайтуға болады.

Біз жүктілікке алдын ала толық дайындалуға кеңес береміз, яғни: стандартты гинекологиялық зерттеулерден өту, ревматизм үрдісінің белсенділігін тудыратын кейбір инфекцияларға, ПЦР талдауына қан тапсыру. Бұл талдаулар иммундық жүйе туралы және қандай инфекциялар бар екендігі жайлы нақты көрініс береді. Жүктілікке дейін иммундық жүйені оңтайлы жағдайға келтіру қажет, бұл жүктілік кезінде ешқандай инфекция, аутоиммундық асқынуды тудырмауға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар, жүктілік кезінде иммундық үрдістердің физиологиялық қабілетін сақтау маңызды, өйткені, жүктілік кезінде иммундық жүйе біршама әлсізденеді, себебі, бала – өз кезегінде антигенді құрылым болып табылады, сондықтан баланы мерзіміне дейін көтеріп шығу үшін қалыпты иммунодепрессия қажет.

Ревматизм аурулары кезінде жүктілікті алып жүру үшін белгілі бір әдістер қажет. Антииммундық ауруларды стандартты түрде емдеу жүктілік кезінде жатырдағы нәрістенің денсаулығына зиян тигізуі мүмкін.

Егер жүктілік алдын ала дайындықсыз туындаса, онда Сіз және нәресте үшін туындайтын қауіпті азайту қажет. Ревматоидтық артрит, жүйелі қызыл жегі, аутоиммундық спондилоартрит немесе басқа  ревматизм ауруы кезінде жүктілікті алып жүрудің ерекшеліктері болады.  Егер әйел адам нәресте көтеріп қалған кезде жүктілік барысында ішуге тыйым салынған дәрі-дәрмектерді қодданған болса, онда жатырдағы сәбидің даму үрдісіне мониторинг жасап, оны тексеру қажет.

Босанудан кейінгі мерзімнің өз қиындықтары бар, түңгі ұйқының жеткіліксіздігі, жаңа қобалжулар мен соған байланысты стресс туындайды. Стресс пен түңгі ұйқының жеткіліксіздігі босанудан кейінгі мерзімде аутоиммундық аурулардың өршуін туғызуы мүмкін.

Өскемен қаласының Ана мен бала орталығында ревматизм аурулары бар жүкті әйелдерге көмек көрсетуде жұмыс тәжірибесі бар акушер-гинеколог дәрігерлер қызмет етеді, олар ревматолог дәрігерлермен бірлесіп, әрбір анаға сәби сүюге мүмкіндік жасайды.

«Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК акушер гинеколог дәрігері Нугманова М.К.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған