«Нашақорлық қоғам дерті» тақырыбында іс-шара өтті

2019042222.04.2019 жылы Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «№5 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-нің 9-10 сыныптар арасында «Нашақорлық қоғам дерті» атты семинар мен «Нашақорлық,шылым шегу, ішімдіктің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізді.

Басты мақсаты: есірткі заттарының адам өміріне аса қауіптілігін түсіндіре отырып,алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Семинар мен тренингті өткізу барысында оқушыларға ситуациядан шыға білу үшін бірнеше сұрақтар қойылды. Іс-шараға оқушылар белсене қатысып, өз пікірлерімен емін – еркін бөлісіп,тақырыпты тереңінен аша түстік. Шара соңында парақшалар мен кітапшалар таратылды.

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған