Дұрыс тамақтану- денсаулықтың кепілі

20190403_1035343.04.2019 жылы Аягөз қаласының «Нұрсалауат »Жастар денсаулық орталығы мамандары «С.Ғаббасова атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» 5 класс оқушыларына «Дұрыс  тамақтану-  денсаулықтың кепілі» тақырыбында  семинар  өткізді.

Семинар барысында балаларға мектеп жасында дұрыс тамақтанудың маңызы бар, себебі балалық шақта адамның ақыл-ойы мен денесінің бүкіл өмірлік қорының іргетасы қалыптасады, ал тағам — бұл үшін қажетті қуат пен заттектердің алынатын жалғыз қайнар көзі болып табылатыны жайында түсініктерін қалыптастырдық. Салауатты тамақтанудың ұстанымдары мен тамақтану тәртібіндегі тәрбиенің негізі жайлы да сөз  қозғадық. Сонымен қатар, қазіргі қездегі көптеген пайдасыз,денсаулыққа нұқсан келтіретін тағамдар жайлы да айтып өттік.

Аягоз қ-сы «Нұрсалауат »Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған