АИТ қалқанша без ауруы

0226969Аутоиммунді тиреоидит (тиреоидит Хашимото) – бұл қалқанша без аутоиммунді генездің созылмалы қабынбалы ауру түрі, яғни иммундық жүйеде  туа біткен немесе  жүре пайда болған ақауы, ағзаға қарсы денелер қалыптасып, қалқанша бездің қабынуына әкеліп соғады да, аяғында қалқанша без гормондарынының түзілуі бәсеңдейді.

Тұрғындардың 3-4% аутоиммунді тиреоидитке шалдыққан. АИТ шамамен 20% егде жастағы әйел адамдарда анықталады.

Аутоиммунді тиреоидит (АИТ) көп жағдайда 40-50 жастағы әйел адамдарда кезедесіп, ал 60 жастағы әйелдер арасында 3,3%-дан 20.5%-ға дейін өзгеріп тұрады. Сонымен қатар тиреоидке қарсы антиденелер тасымалдаушылар 26% әйелдер, 9% ер адамадарда, яғни ТПО антиденелердің титрі жоғары, бірақ гипотиреоз ауруының  туындауы болмайды.

Ақырғы жылдары көптеген мемелекеттерде клиницист ғалымдар АИТ ауыруы балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен етек жайып келетінін белгілеуде. Бүгінгі күні аутоиммунді тиреоидит диагнозын қойған кезде гепотиреозді анықтау басты рөлін атқарып, қанның құрамында тиреоидке қарсы антиденелер болып, қалқанша безді ультрадыбыстық зерттеулер кезінде белгілері анықталды. Клиникалық жағынан гипертрофикалық формалардың (қалқанша безінің ұлғаюы, қалқанша безінің көлемі 18см3), атрофикалық (қалқанша  безі көлемінің азаюы). Қалқанша безі АИТ формасы кезінде қолмен ұстағанда сезілмейді. Ондай жағдайда гипотиреоз клиникасы анықталады. Артрофикалық формасы онжылдық ішінде біртіндеп дамиды.

Аутоиммунды тиреоидиттің тоғысу (ошақ) формасы. АИТ тоғысу (ошақ) формасында қалқанша безінің бір жақ шеті зақымданып, кішірейіп және тығызданады.

АИТ гипертрофикалық формасы кезінде науқастар қалқанша безінің ұлғаюына, ауыр жұтыну, шаршағыштық, мойынның қысылу ауруларына шағымданады. Тексеру кезінде қалқанша безінің диффузды ұлғаюы анықталады.  Қолмен ұстап көрген кезде ол тығыз, бөлікшелі-созылмалы консистенциялы, теріге біріктірілмеген. Аурудың ары қарай үдеуі кезінде  бездердің тығыздығы артып, бұдырмақтықтың пайда болуы мүмкін. Аурушаңдық болмайды. Гипертрофикалық форма кезінде 5%  науқастарда  гипертиреоз анықталады (қалқанша без гормондарының  бөлінуі артады), ол «хаситоксикоз» сипатына ие болады. Науқастарды жүрек қағысы, тершеңдік, жадаулық, ашушаңдық мазалайды. «Хаситоксикоздың»  ерекшеліктері:

1) толқын тәрізді, бірде  жақсы, бірде  жаман;

2) тиреотоксикоз диффузиялы улы зобқа(ДУЗ) қарағанда емделеді;

3) офтальмопатияның (көз алмасының ұлғаюы, көз алмасының шарадан шығуы) бар болумен сипатталады;

4) ауру басталған кезде анықталады;

5) өткір улы жұқпа ауруларымен, психикалық және шамадан тыс денеге түсетін ауырлық, жүктілік, босану, түсік түсірумен қайталануы мүмкін. Одан әрі бірте-бірте гипотиреоз дамиды да, әлсіздікке, ұйықышылдыққа, тоңғақтыққа, іш қатуға, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, шаштың түсуіне, жыныс мүшелері функциясының бұзылуы, дауыстың қырылдауы, беттің ісінуі, дене салмағының өсуі, тері құрғап, жарылуы, брадикардия (жүрек қақпашасының жиырылу жиілігінің өзгеруі), анемия (гемоглобин мен эроциттердің төмендеуі), қандағы тиреотропты(ТТГ) гормонының жоғарлауы, және  трийодтиронды(Т3), тироксин (Т4) гормандарынының төмендеуі.  АИТ қатерсіз ағымы да болады. Әдеттегі Т4 шоғырлануы кезінде еркін ТТГ деңгейі 4 МЕ/л асса субклиникалық гипотиреоз болып бағаланады да, ал ТТГ деңгейінің артуы Т4 еркін деңгейінің кемуі – манифесті гипотиреоз болады.

АИТ емдеу әдісі ретінде тиреоидті гормондарды (левотироксин л-тироксин, эутирокс) ішке 1,6-1,8 мкг/кг/тәулігіне дозасында қабылдау) әрбір доза жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере отырып алынады.  Емделу нәтижесі 3 айдан асқаннан кейін айқын болады. ТТГ көрсеткіші азаймаса, левотироксин мөлшерін арттыру керек. Айта кететін жайт АИТ гипотиреозіне шалдыққан науқастар өмір бойғы тиреоидті гормон терапиясының орын басуына мұқтаж болады. Егер жүктілікті жоспарлаған әйел адамдарда қалқанша без тінілерінде антиденелердің және/немесе АИТ ультрадыбыстық тексеру кезінде белгілері анықталса, бала көтермей тұрып қалқанша бездің(қандағы ТТГ және еркін Т4 деңгейін) атқаратын қызметін зерттеп, әрбір жүктілік триместр кезінде бақылап отыру қажет. АИТ кезінде қалқанша бездің атқаратын қызметі ауытқымаса (қандағы ТТГ деңгейі бір қалыпты) левотироксин препараттарын тағайындау (қалқанша без тінілерінде антиденелердің бар болса және/немесе аутоиммундық поталогиялардың ультрадыбыстық белгілері болса) пайдасыз. Ол АИТ-пен  қоздырылған болса қалқанша бездің шамадан тыс ұлғаюы сирек кездеседі.

АИТ кезіндегі жедел  емделу пайдасыз болып, қатаң көрсеткіштері бойынша ғана жүргізіледі.

 

«Амбулаториялық орталық»  мекемесі Галанцева Елена Геннадьевна Эндокринолог дәрігері

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған