Биттеудің алдын алу

simptomy-vshivosti-121 ғасырға аяқ бассақ да, биттегендіктен арыла отырмыз.

Адамда биттің үш түрі болады:

  • – киімдерде, іш киімдер мен басқа да киімдерде, әсіресе киімнің тігістерінде болады. Биттің жұмыртқалары бастан өзге, адам денесіндегі жүндерге де жабысып алады.
  • – баста, бастың шаш бөлігінде, әсіресе самай, шүйде және төбесіне орнығып, көбейеді.
  • – маңдайда, қаста, кірпікте, мұртта, қолтық ойықтарында.

Биттеудің негізгі белгілері:

  • – қасынуға тура келетін, қышу;
  • – биттердің көптеп шағулары кезінде, олардың сілекейі әсерінен терінің қатайып кетуі;
  • – жәндіктердің сілекейі әсерінен туындайтын, тіндік қанталау және асқыну процесі есебінен тері дақтары;
  • – тараған кезде ұйысуы мен бастағы шаштан іріңді-сірнелі бөлінділер кезінде пайда болған киізшаш, дымқыл терінің беткі қабатын қабыршақ басуы.

Биттің, бөртпесүзек, волындық қызба және соқпа сүзек сияқты аса қауіпті инфекцияны тасымалдаушы болып табылатынын ұмытпау қажет. Сондықтан, биттеудің алдын алуға қай заманда болса да ерекше көңіл бөлініп келген. Зақымданушыларды уақытында анықтау – ошақты жоюдың кепілі, зертхана базасын тартусыз қалай болса солай қарап-тексеру, бірінші кезектегі іс-шара болып табылады. Сондықтан, бұл іс СанҚж/еН сәйкес қарауға (тексерудің қорытындысы арнайы журналға жазылады) жатады:

  • – балалар үйінде тұратын балалар, мектеп-интернатта тұратын оқушылар – апта сайын;
  • – білім беру мекемесіне жаңадан қабылданған немесе ұзақ уақыт (аптадан артық) болмай, қайта оралған балалар;
  • – сауықтыру ұйымдарына, лагерьге баратын балалар – кетер алдында өзінің тұрақты орны бойынша емханада, ал демалыс орындарында – апта сайын жуынар алдында және қайтуға 1-3 күн қалғанда;
  • – жалпы және кәсіби білім беру оқушылары – каникулдан кейін тоқсан сайын және ішінара (4-5 топ) ай сайын, сондай-ақ оқу жылы аяқталар алдында;
  • – әлеуметтік қамту жүйесі мекемелеріндегі адамдар – айына екі рет;
  • – диспансерлеу немесе профилактикалық тексеру кезіндегі ұйым қызметкерлері;
  • – түнде келетін пункттер және тергеу изоляторына түсетін адамдар.

Биттеудің алдын алу жөніндегі жоспарлы іс-шараларға мыналар кіреді:

  • биттеуге халықты тексеру;
  • – ұйымдасқан ұжымды ауыстырылатын төсек жаймалары, жеке гигиена құралдары, залалсыздандыратын және жуатын құралдармен қамтамасыз ету;
  • – емдеу алдын алу, қабылдап-бөлу, әлеуметтік қамту жүйесі ұйымдарын, түнде келетін үйлер, тергеу изоляторы, мигранттардың уақытша келу орындары, санитарлық өткізу, монша, кір жуу орындарын залалсыздандыратын құралдар және залалсыздандыратын жабдықтармен жабдықтау.

Стационарға түскен адамдарда биттеу анықталғанда, санитарлық тазалау қабылдау бөлімінде жүргізіледі. Тазалау жүргізген қызметкердің арнайы киімі мен науқастың киімдерін, клеенкілі дорбаға салып, зарарсыздандыру үшін дезинфекциялық камераға жөнелтеді.

Мектепке дейінгі және білім беру мекемелеріне келетін балаларда бит анықталғанда, өңдеу мамандандырылған ұйымдармен, оның ішінде дене және төсек жаймаларын камералық өңдеу жүргізіледі.

Маңдай биттері анықталған адамдарды тұрғылықты орны бойынша тері-венерологиялық диспансерге жолдайды.

Биттеудің алдын алу жөніндегі іс-шаралар кешеніне, халықтың санитариялық мәдениетін арттыру мақсатында, гигиеналық тәрбие беру, азаматтарды оқыту және санитариялық-ағарту жұмыстарын жүргізу кіреді.

Адамдарда, іш киімдерде, киімдерде биттің болуы, отбасында, ұжымда және т.б санитариялық-гигиеналық жағдайдың қанағаттанғысыз екендігін көрсетеді.

Биттеудің алдын алудың басты жағдайы жеке гигиена ережелерін сақтау болып табылады:

  • дене және төсек жаймасын ауыстырумен, денені 7-10 күнде 1 реттен кем емес жуу;
  • жиі шаш қию;
  • бас шаштарын күнделікті тарау;
  • үстідегі көйлекті жүйелі тазалау;
  • төсек керек-жарақтарын жуу;
  • тұрғын үйге жиі тазалық жүргізу;
  • балалар мекемесіне баратын балалардың шашын және киімдерін уақтылы тексеріп отыру;
  • ұзақ болмай келгеннен кейін, отбасы мүшелерінің бір-бірін өзара тексеруі.

Кез келген кезеңде пайда болған биттеу анықталғанда, бір мезетте адам денесіндегі, киімі, бас киімі, басқа да заттарындағы (төсек жаймалары, жастықтар т.б.), қажет болғанда үй заттарындағы да биттерді жоя отырып, дезинсекция жүргізеді. Адамдар мен олардың киімдерін және аралас биттеу кезінде өңдеуді дезинфекциялық мекеме жүргізеді.

«Өскемен қаласының № 1 емханасы» ШЖҚ КМК Ұйымдасқан балалар бөлімінің аға мейіргері Каирлина Лидия Николаевна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған