Темір тапшылғы анемиясы дегеніміз не?!

399901789Темір тапшылық көптеген проблемалардың себебі болуы мүмкін: шаршағыштық  және  анемияға дейін шаштың түсуі. Миллиондаған адамдар осы микроэлементтің тапшылғына шалдыққан, тіпті оның бар екенін де күдіктенбейді.  Осыған байланысты денсаулығында әр түрлі бұзылыстар пайда бола бастайды.

Дүниежүзілік денсаулықты сақтау мекемелерінің мәліметтеріне сәйкес, Жер шарының 25% тұрғындары темір тапшылық анемиясына зардап шеккен. Осы ауруға шалдығатын негізгі қауіпті топтардың ішіне әйел дамадар мен балалар кіреді.

Мысалы, әрбір екінші әйелде жасырын темір тапшылығы айқындалып, күннен күнге көзге көрінбей ағзаны уаландырып, жүктілік кезінде бірден айқындалады. Ал әлемдегі әрбір үшінші бала темір тапшылық анемиясына зардап шегіп, баланың ақыл-ойнының дамуына және иммунитетінің азғындауына әкеліп соғады.

Алайда, анемия жұмысқа қабілеттілікке, психикалық және физиологиялық дамуына кері әсер етуге әкеліп соғады да, адам ағзасындағы темір қорының азаюына ақырындап үйреніп алады. Адам әрдайым әлсіздік аясында өзінің жағдайын тұрақты нұсқасы ретінде санап,  өмір сүрудің төмен сапасына үйреніп, созылмалы аурулардың дамуына ие болады.

Темір тапшылықтың себептері көп. Көп жағдайда созылмалы қанның көп жоғалтуы: әйел адамдардың ай сайынғы етеккірі, қанның кетуімен сипатталатын гинекологиялық аурулар (аналық жыныс безінің дисфункция, жатырдың фибромиомасы, эндометриоз). Сонымен қатар қанның көп жоғалтуы ішек-қарын жолының аурулары (өңеш және асқазан  жарасы,  асқазан және он екі елі ішек жарасы, Крон ауруы), сонымен бірге ЛОР-ағзасы, стоматологиялық проблемалар(пародонтоз), гельминтоз және онкология аурулары кезінде.

Анемияның екінші факторларының бірі – бұл тағамда темірдің аздығы, яғни етсіз тағамдар немесе тазартылған тағамдардың үйлесімсіздіктері.

Сонымен қоса анемия ас қорыту жүйесіндегі гастродуодениттерді, энтериттер, энтероколпиттер, асқазан резекциясы немесе жіңішке ішектің, мальабсорциясында темірдің сіңірілуінің бұзылуы кезінде дамиды.

Тіпті өмір ағысының белгілі бір кезеңінде  жоғарғы  темір тапшылығы  анемияның дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы балалар мен жеткіншектердің қарқынды өсуі және жыныс мүшелерінің пісіп жетілуі, ал әйел адамдарда – жүктілік пен емшек емізу мерзімі кезінде.

Темір тапшылық анемиясын уақытылы анықтап, уақытылы шара қолдану?

Темір тапшылықтың жеңіл деңгейі кезінде көбіне қандайда бір аурулардың  қауіп дабылын байқай қоймайды, бұл деңгейді тек зертханалық көрсеткіштер ғана анықтай алады.  Темір тапшылығының ауыр түрі кезінде ағзаның оттегі мөлшерінің ашығуы айқын білінеді. Анемиямен ауратын науқастар тез шаршағыштыққа, бас айналып, бас ауруларына (көп жағдайда кешкі уақытта), тәбеттің жоқтығына, физикалық күш түсіру кезінде ентігіп қалуға, есінен тану, көз алды «қарауытып», ұйықының бұзылуына, сәл қызудың көтерілуіне шағымданады. Оларда қызбалыққа, жылаулыққа, есте сақтау қабілетінің төмендеуіне, терінің ақ түске өзгеруі, тырнақтың сынғыштығы, шаштың түсуі, тері үсті және еріннің шеті жарылуы, дәм сезу  мен иіс сезу түйсігінің бұзылуы.

Гемоглобинді  анемиясынының ауырлық  дәрежесі үшке бөлінеді:

  • Жеңіл – 110-90г/л;
  • Орташа – 90-70г/л;
  • Ауыр – 70 г/л төмен.

Темір тапшылығы анемиясы кезінде адам рационалды тамақтану режімін сақтану керек, алайда медициналық зерттеулер ешбір емдәм 100% микроэлементінің тапшылығын толтыра алмайды. Оны тек құрамында үшвалентті темір (Fe III) препараттың күшінде.

Науқастың анемия дәрежесіне сәйкес жеке ерешеклігін басшылыққа ала отырып құрамында темірі бар препараттарды, тек дәрігер ғана тағайындайды. Бұл препаратты ұзақ мерзімге тағайындайды, сондықтан гемоглабиннің мөлшері емдік терапияның үшінші аптасының аяғында ғана көтеріледі, сол себепті сабырлық сақтап, шыдамдылықпен емделу курсын өту керек.

«Ағзадағы темір тапшылығын алдын алуының басты әдісі – толыққанды және ір түрлі тағам түрлерін қабылдау.  Алдын алу шаралары кезінде тағамдардың құрамында ақуызға бай және ең бастысы темірге бай «қызыл» ет (сиыр және шошқа еті), сонымен қатар бауыр, балық, жұмыртқа, темірдің түзілуіне әсер ететін жеміс-жидектердің қосылысын ұстанған жөн. С және Е дәрумендері темірдің түзілуіне себептеседі.

Жүкті әйелдер мен емізетін әйелдерге тәуліктік дозада темір препаратының мөлшері 50 мг дейін қабылдап, немесе дәруменді-минералды темір кешенін қабылдау ұсынылады. Жеткіншек-қыздарға көп мөлшерде және ұзақ келетін етеккірі кезінде құрамында темірі бар препараттарды 50 мг дейін әрбір еттекір кезеңі аяқталғаннан кейін жеті күндік курсын қабылдау қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келсек, анемияны алдын алу үшін салауатты өмір салтын ұстасақ, біздің ағзамыз міндетті түрде бізді жақсы көңіл-күйге бөлейді.

 

Дәрігер терапевт: Волкова А.А.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған