Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1 – үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде: 

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

 1) амбулаториялық емханалық көмек:

   – консультациялық-диагностикалық көмек;

 2) стационарлық көмек, ауылдық субъектілерімен көрсетілетін стационарлық көмекті қоспағанда,

 3) стационарды алмастыратын көмек, ауылдық субъектілерімен көрсетілетін стационарды алмастыратын көмекті қоспағанда;

медициналық көмектің түрлері бойынша:

  • білікті медициналық көмек;
  • мамандандырылған медициналық көмек;

көрсетілетін қызметтер бойынша:

кешенді жан басына шаққандағы нормативіне енгізілмейтін консультациялық-диагностикалық қызметтер:

  • жүкті әйелдерді медициналық-генетикалық зерттеу қызметтер (ультрадыбыстық скрининг, ұрықтың анатомиясын бағалау, инвазивті пренатальдық емшаралар, цитогенетикалық зерттеулерге биохимиялық скрининг);
  • қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту қызметтері;
  • тері-венерологиялық диспансерлерде қызметтер (және/немесе көп бейінді ауруханаларға қарасты бөлімшелерде);

көмек қызметтері бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1 – үйде, 3 – қабат, № 5 – кабинетіне ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы «13» желтоқсан 9 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «19» желтоқсан 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7232) 500-961.

Ескертпе:

Өтінімдерді және оған қосымша мәліметтерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының
(www.densaulyk.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған