Мұхамеджан Ілияс Тұңғышқанұлы

11

Мұхамеджан Ілияс Тұңғышқанұлы 

 

1981 жылы 22 сәуірда Жамбыл облысы                            Шу қаласында туылды. Білімі жоғары 2013 жылы «Емдеу ісі» С.Д. Асфендияров атындағы Қаз ҒМУ  бітірді.                      2015 жылы жоғары жалпы медициналық сақтау мектебінде «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды.

2004-2008 жылдары Б. Жарбосынов атындағы   «Урология ғылыми орталығы» АҚ кіші ғылыми қызметкер;

2008-2009 жылдары жалпы урология бөлімінде меңгерушінің м.а.

2009-2010 жылдары  Б. Жарбосынов атындағы   «Урология ғылыми орталығы» АҚ инфравезикалдық  обструкция  зерттеу бөлімінде  кіші ғылыми қызметкер;

2010-2011 жылдары  «Урология ғылыми орталыңы» АҚ операция блогының меңгеруші;

2011-2013 жылдары «Урология ғылыми орталығы» АҚ  үлкен ғылыми қызметкер;

2013-2017 жылдары  Б. Жарбосынов атындағы   «Урология ғылыми орталығы» АҚ  ғылыми зерттеу қызметі бойынша басқарудың орынбасары;

2017-2019 жылдары  «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ емдеу ісі бойынша  басшының орынбасары;

2019 жылы 4 мамырдан бастап «Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы.

Еуропаның жетекші медициналық клиникаларында біліктілін арттырды. Қазақстанның урологтар қауымдастығының мүшесі денсаулық сақтау  және урология саласында көптеген ғылыми еңбектердің авторы.  Медициналық ғылым кандидаты, медицина магистрі.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласында  бағдарламалық құжаттар және стратегиялық білімі бар. Осы уақытқа дейін өзін жауапкершілігі мол және сауатты қызметкер ретінде көрсете білді. Қызметкерлермен жұмыс істеу қабілеті бар.  Әкімшілік тәртіптік жазаға тартылған жоқ.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» және  «Қазақстан Республикасының                       25 жыл» төсбелгілерімен марапатталған.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған