Семинар «Ішімдіктің адам ағзасына тигізер әсері»

IMG_10414420.12.2018 жылы Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары мен Аягөз қалалық Политехникалық колледжінің 1 курс студенттері, біздің орталықтың еріктілері Серікбекова А.,Умирбекова А. «Аягөз қалалық №6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен» 7-8 класс оқушылары арасында «Ішімдіктің адам ағзасына тигізер әсері» атты семинар өткізді. Басты мақсаты: ішімдіктердің адам ағзасына тигізетін кері әсері одан туындайтын ауру түрлерін айта отырып, зиянды жақтарын ашу. Салауатты өмір салтын насихаттау.

Алкоголь — ол биологиялық у. Ол барлық органдарды зақымдайды. Ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұратын қабілетін бірден жойып жібереді. Мұның бәрі адамның мезгілсіз уақытта өліп кетуіне әкеп соғады. Ішкен арақты аш ішек тез арада сіңіріп, қанға бірден өткізеді. Қан алкогольді барлық денеге таратады. Ол ең алдымен мидың қызметін бұзады. Спирттың у концентрациясы 70-80%-ке дейін жетеді. Бұл мөлшер қандағы спирттің мөлшерінен әлде қайда көп. Спирт бауырда да көп жиналады 48 %. Алкоголь ағзаға ете тез арада сіңеді, небәрі 5-7 минут ішінде қанға сіңіп, бірнеше биохимиялық-физиологиялық өзгерістер туғызады. Нерв жүйесін бұзады. Эпилепция ауруын тудырады. Күнделікті тұрмыста болатын травмалардың 20% арақ, ішуден болады. 50% транспорттық апат осы арақ ішуден туындайды. Адам неше түрлі ойға батып, әр түрлі ауыр қылмыстар жасайды.

Семинар өткізу барысында тақырып бойынша слайдтар мен видиороликтер көрсетілді және оқушыларды екі топқа бөліп тақырыпқа сай спирттік ішімдіктердің зияны жайлы суреттер салды. Семинар аяғында тақырыпты толық аша түсу үшін кері байланыс жасалып, тыңдаушыларға сұрақшалар таратылып,жауаптарын тыңдадық. Семинар аяғында ақпараттық білім беру материалдары таратылды. Жалпы 44 оқушы қатысты.

Аягөз аудандық «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған