Балаларда болатын отиттер

8ef8f803Отит – бұл құлақтың орта бөлігі қабынған кезде пайда болатын ауру. Жіті орта отит көбінесе ЖРВИ мен аденоидит аясында туындайды.

Жіті орта отит орта құлақтың кеңістігіне инфекция түскеннен пайда болады. Жиі кезде бұл ауруды – пневмококктар мен гемофильді таяқшалар бактериялары өршітеді. Олар орта құлаққа ЖРВИ, аденоидит, жиі болатын тұмау арқылы енеді, өйткені, құлақ кеңістігі мұрын-жұтқыншақпен тығыз байланысты.

Отит: қабыну себептері, белгілері, емдеу.

Жіті орта отит өмірінің бірінші жылындағы сәбилерде көп кездеседі. Белгіленгендей, жіті орта отит өмірінің алғашқы үш жылында 90% балаларда кездеседі. Бұған балалардағы құлақ кеңістігін мұрын-жұтқыншақпен байланыстыратын евстахиялық (есту) түтігінің анатомиялық құрылысының ерекшеліктері ықпал етеді. Сәбилерде, ересектерге қарағанда, ол түтік анағұрлым кеңірек және қысқа болады, сондықтан ол жерге микробтардың енуіне ешқандай кедергі жоқ.

Евстахиялық түтікшенің қабынған шырышты қабықшасы соншалқыты ісініп кетуі мүмкін, ол құлақтың тесігін толық жауып тастайды. Соған байланысты орта құлақ пен мұрын-жұтқыншақ арасында ауа алмасу бұзылады. Сол жерде бактериялардың көбейюіне, сілемейдің, кейде іріңнің пайда болуына  қолайлы орта туындайды.

Қалыңдығы 0,1 мм құрайтын дабыл жарғағына ірің әсер етіп, оны қысқартады, сол себептен ол жерде перфорация (тесілу) пайда болады.

Бұл есту қабілетінің азаюын, бас айналу, бет нервісінің зақымдалуы, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін менингитті тудыруы мүмкін.

Диагностика

Өкінішке орай, ата-анлар бұл ауруды балада бірден көре алмайды, өйткені, әрбір екінші балада отит алдымен ешқандай белгісіз басталады. Көзге көрінетін белгілер тек дабыл жарғағында перворация пайда болған кезде ғана туындай бастайды.

Алғашқы белгілер құлақта ауыршаңдықтың пайда болуы, дене қызуының көтерілуі, немесе жалпы ағзаның қабынуы, әлсіздіктің туындауымен көрінеді.

Тексеру жоспарына, әдетте, отоскопия (жарғақты қарау) және тимпанометрия (есту түтігінің өткізу қабілетін және дабыл кеңістігін анықтауға мүмкіндік беретін әдіс) жатады.

Емдеу

Балаға антибиотиктерді ішу курсы тағайындалады. Қандай антибиотик түрін беруді дәрігер шешеді, ол дәрінің ауру қоздырғыштарына сезімталдығын есепке алып, белгілейді.  Әдетте, емдеу пенициллин немесе цефалоспорин дәрілерін беруден басталады. Бұл антибиотик түрлеріне аллергия болса, онда макролидтер тобына жататын препараттар беріледі, алайда олардың тиімділігі азырақ болады.

*Аурудың алғашқы кезеңдерінде құлақ тамшылары түріндегі антибиотиктерді қолданудың қажеттілігі аз болады. Бұл кезеңде ауруды басатын немесе ісікті қайтаратын құлақ тамшылары қолданылады. Ал құлақ тамшылары түріндегі антибиотиктер созылмалы отит немесе жіті отит, перфорация пайда болған кезде пайдаланылады.

* Жіті отит кезінде мұрынға тамырларды тарылтатын тамшылар тамызу қажет.

Бұл тамшылар мұрын қуысы мен орта құлақ арасындағы жолды қалпына келтіреді.

*Ірің болмаған кезде қыздыратын компресстер қоюға болады. Ол құлақтың өзіне емес, оның жаңына қойылады. Бірнеше қабатқа бүктелген марляға құлақ ойығы үшін тесік жасайды. Бұдан кейін марля араққа немесе сумен араластырылған спиртке малынады да, құлаққа кигізіледі. Үстінен қалың қағаз немесе полиэтиленді қабықша салып, оның үстінен мақта салып, осының барлығын бинтпен немесе жаулықпен басқа тіркеп, байлайды. Компрессті екі сағат мөлшерінде ұстау қажет. Ал ірің пайда болған кезде тамшылар мен қыздыру компресстерін жасауға болмайды.

Көбінесе дабыл жарғағының зақымдануы бірнеше апта барысында өздігінен жазылады. Алайда, кейде жазылмай қойған кезде, дабыл жарғағын қалпына келтіру үшін хирургиялық операциялар жасау қажет болады.  Олар құлақты жарақаттамайды, олар микроскоптың бақылауымен жүргізіледі, анестезия қойылмайды және ештене кесілмейді – тек есту түтігі арқылы жүргізіледі. Кейде операция жасағанға дейін, медикаментозды, лазерлік немесе физиотерапиялық емдеу қолданылады.

Ана мен бала орталығының сурдолог-оториноларинголог дәрігері Хамитова Жанна Калеловна

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған