Денсаулық сақтау саласында байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді іріктеу бойынша конкурс

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтаубасқармасының 2018 жылғы 9 қаңтардағы №14 бұйрығымен бекітілген байқау кеңесінің мүшелеріне үміткерлерді іріктеу бойынша комиссия төменгі медициналық ұйымдарда байқау кеңесінің мүшесі лауазымына конкурс жариялайды. Конкурс мына мекенжай бойынша өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Өскемен каласы, Гоголь кешесі, 36 (ШҚО денсаулық сақтау басқармасы, тел.: 52-32-34, 52-32-33, 52-32-06).
ШҚО ДСБ «Шемонаиха орталық аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, Шығыс Қазақстан облысы, Шемонаиха қаласы, Повстанческая көшесі, 87 телефондар 8-(72332) 3-00-76.
Aтaлғaн кәciпopынның мәнi жәнe мaқcaты 2016 – 2019 жылдар аралығындағы денсаулық сақтауды дамыту туралы «Денсаулық» Мемлекеттік бағдарламасын орындау болып табылады.
Білім беру және денсаулық сақтау салаларында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңестеріне сайланатын тұлғаларға койылатын талаптар:
1) Денсаулық сақтау және білім саласында кемінде он жыл жұмыс
тәжирибесінің болуы;
2) Денсаулық сақтау және білім саласында басшылық жұмыста бес
жылдан кем емес тәжірибенің болуы (заң тұлғасының басшысы немесе оның орынбасарлары); Денсаулық сақтау және білім салаларында жoғapы білімінің болуы;
3) Денсаулық сақтау және білім саласында қоғамдық бірлестіктің мүшесі болуы.
Байқау кеңесінің мүшесі ретінде келесі тұлғaлap сайланбайды:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген өтелмеген немесе aлынбaғaн соттылығы бар болғанда;
2) заңды тұлға банкрот ретінде танылу туралы шешім қабылданғанға дейін бip жылдан артық заңды тұлғаның басшысы болғанда;
3) алдын ала жемқорлық бойынша құқық бұзушылығы болғанда;
4) мемлекеттік кәсіпорын басшысы немесе байқау кеңесінің басқа мүшелерімен жақын туыстығына қарым-қатынасы болғанда.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғaлapдың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалатын конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау басталған күн.
Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғa (apы қарай – үміткер) комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда);
2) Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) Еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) Үміткердің жекебасын растайтын құжаттың көшірмесі (нотариус арқылы расталған);
5) Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі (нотариус арқылы расталған);
6) Еңбек кітапшасы (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан қабылдау немесе еңбек шартының тоқтатылуы туралы бұйрықтың көшірмесі;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық құрылымдық бөлімшелерімен берілген соттылық және жемқорлықтық құқықбұзушылықтардың жоқтығын куәландыратын құжаттар.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған