Денсаулық сақтау саласы бойынша бюджетті игеру туралы ақпарат

Денсаулық сақтау бюджеті 2018 жылға 10 994 276 мың теңгені құрады, соның ішінде республикалық бюджет есебінен 2 091 841 мың теңге, жергілікті бюджет есебінен 8 902 435 мың теңге.
Денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру үшін – 5 625 308 мың теңге қарастырылған, күрделі жөңдеу жүргізуге – 284 873 мың теңге;
кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау – 1 013 231 мың теңге;
салауатты өмір салтын насихаттау үшін іс-шараларды жүзеге асыру – 150 278 мың теңге, соның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – 18 044 мың теңгені құрайды;
ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды іске асыру – 140 557 мың теңге;
вакциналарды сатып алу – 1 892 082 мың теңге;
науқастардың емделуге барған жолын төлеу – 55 688 мың теңге.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған