«ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу»

20181018_124107Тұмау мен  басқа ЖРВИ  адамның тыныс алу жолдарын зақымдап ауа-тамшылы жолмен таралады. Науқас адам инфекцияны таратушы бірегей көзі болып табылады. Адамнан адамға тұмау вирустарын таратудың негізгі жолы әңгімелескен кезде, жөтелгенде, түшкіргенде  ауа-тамшылы жұғу есептеледі. Вирустардың таралуы жанасу-тұрмыстық жолмен де болуы мүмкін, егер ауырғандар және оны қоршаған адамдар жеке бас гигиенасының ережелерін сақтамаған жағдайда, оның ішінде дезинфекция және өңдеуге жатқызылмаған жалпы күтім заттарын (орамал, бет орамалдар, ыдыстар және т.б.) қолданған кезде.

Тұмау қалай білінеді? Әдеттегі жағдайда ауру аяқ астынан басталады: 38 – 40 градусқа дейін температура көтеріліп, дірілдеу пайда болады, бастын қатты ауруы,айналуы, бұлшық еттердің, көз алмасынның және көздің шаңшып ауыруып жас ағуы.

Егер сіз ауырып қалсаңыз, не істеу керек? Алғашқы симптомдары кезінде дәрігерге көріну керек. Дәрігердің барлық нұсқауларын орындап және төсектік режимді сақтаңыздар. Тұмауда өзін-өзі емдеуге жол берілмейді. Тұмаудың жүруін алдын ала болжау мүмкін емес, ал асқынулар әртүрлі болуы мүмкін.

Тұмаудан қалай қорғану керек? Тұмаудың профилактикасында ең тиімді әдісі – екпе. Екпеге өз денсаулығын қадірлейтін және қоршағандардың денсаулығын ойлайтын әрбір адам мұқтаж. Уақытылы екпе алу тұмаумен аурушаңдықты бірнеші есеге азайтады, аурудың жүруін жұмсартады, оның ұзақтығын қысқартады, асқынуға жол бермейді.

Ағзаның қорғаныш күштерін арттыруға нұсқаулар: дене шынықтырумен айналысу, дұрыс тамақтану, уақытылы және жеткілікті дем алу, дәрумендік-минеральды кешендерді қабылдау.

18 қазан 2018ж. Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары №39 жалпы орта білім беру мектебінде 5 сыныптар аралығында  «ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу» тақырыбында семинарлар өткізді. Іс шара барысында оқушыларға иммунопрофилактиканың пайдасы, жеке бас гигиена шаралары туралы, ЖРВИ қауіптілігі, тұмаудың ауыр зардаптары, сондай-ақ салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы кеңестер беріліп, балаларға «ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу» тақырыбында өз жұмыстарын сурет сайысына дайындау ұсынылды.

ММ «ШҚОСӨСҚО»

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған