«Ішімдік зияны» мен «Зиянды заттардан аулақ бол» атты іс-шаралар өтті

2018102422 – 23.10.2018 жылы «Аягөз қаласының № 10 мектеп-гимназиясы» 8-9 класс оқушылары арасында «Ішімдік зияны» атты семинар мен «Зиянды заттардан аулақ бол»  тақырыбында тренингті  «Нұрсалауат »Жастар денсаулық орталығы мамандары өткізді.

Мақсаты: «Бірінші байлық- денсаулық» жасөспірімдердің денсаулығы мықты, хал – ахуалы жақсы болуы үшін зиянды әдеттерден ішімдік, шылым шегушіліктен жерітіп, денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендігін ұғындыру;

-Ішімдіктің  зардаптары. Ағзаға тигізер зияны жайында түсіндіру;

-Ішімдіктің зиянына ғылыми дәлелденген деректер бойынша нақты фактілермен көз жеткізу. Өркениетті елімізге зиянды әдеттерге қарсы күресіп, білімді де тәрбиелі тұлға қалыптастыру болып табылады.

Семинарда тақырып толық талқыланып, сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар алынып тақырыбымыз кең ауқымда ашылғаны хақ. Қатысушылар саны – 31 оқушы.

Аягөз қ-ң «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған