Салауатты өмір салтын ұстанамыз!

IMG_2617Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары, қараша айының 22-26 аралығында Өскемен құрылыс колледжінің студенттеріне ЖРВИ/Тұмаудын алдын алу мақсатымен «Денсаулық сағаты» тренингтерін және жыныс жолдары арқылы берілетін инфекциялардың алдын алу бойынша семинарлар өткізді.

Іс-шараның мақсаты: жастарды салауатты өмір салтын ұстануға насихаттау; сырқаттардың алдын алу жолдары бойынша ақпараттандыру.

Іс-шара барысында студенттерге сырқаттардың берілу жолы, бірінші белгілері, алдын алу жолы жөнінде ақпарат берілді. Мен қорқынышты сейілтемін тақырыбында тындаушылардың екпеге көзқарасы анықталды. Іс-шара соңында салауатты өмір салтын ұстанудың басты қағидалары талқыланып, ақпараттық материалдар ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған