Оқушылар арасында «Стресс және одан арылу жолдары» тақырыбында тренинг пен «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді

20181018_1521122018 жылдың қазан айының 16-17 жұлдызында  Аягөз қаласының «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының мамандары «С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» 9- 10-11 класстар арасында  «Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді. Сонымен қатар,10 класс оқушыларына «Стресс және одан арылу жолдары» тақырыбында тренинг жүргізілді.

Репродуктивтік денсаулық дегеніміз — өмірдің кез келген сатысында өсімпаздық жүйенің ауру-сырқаттары болмаған жағдайдағы толық физикалық, ақыл-ой және әлеуметтік саулығы. Репродуктивтік денсаулықты сақтауда жеке гигиенаның маңызы ерекше. Репродуктивтік денсаулық тіршілік жағдайына, тамақтануға, экологияға, генетикалық тұқым қуалаушылыққа, сонымен қатар репродуктивтік денсаулық жұмысы мен оны қорғау қызметіне де байланысты болады.

Өсіп дами бастаған сайын жасөспірімдерде жыныстық белгілер байқала бастайды. Бұл ішкі секреция бездерінің активті қызмет етуіне байланысты болады.Бұл кезеңде барлық ағзада үлкен өзгеру жүреді.

Жыныстық жетілу эндокриндік және жүйке жүйелерімен қамтамасыз етіледі. Бұл кезең өтпелі  кезең деп аталады. Қыздардың жыныстық жетілуі, 9-10 жаста, ал ұлдарда 12-14 жаста басталады. Жыныстық жағынан қыздар 16 жаста жетіледі, ал ұлдар 18 жаста жетіледі.

Жыныстық жетілу мерзімдері әр адамда әр түрлі болып келеді.  Бұлар көптеген факторларға тұқым құалаушылық, тұрмыстық, әлеуметтік-экологиялық және сонымен қатар денсаулығына, тамақтануына, климат жағдайынада т.б. байланысты болады. Әр түрлі қолайсыз факторлар әсерінен жыныстық дамудың кешеуілдеуі немесе дамуда әр түрлі өзгерістері болуы мүмкін.

Репродуктивті денсаулыққа әсер ететін факторлар болып зиянды әдеттер (шылым, ішімдік, есірткі заттары), жыныстық қатынасқа ерте жастан бару, жыныстық жолмен таралатын аурулар және кіші жамбас аймағындағы жұқпалы аурулар репродуктивті денсаулыққа зиянды әсер етеді дей келе  тақырыпты қыздар арасында кең көлемде талқылап,ақпараттық білім беру материалдарын тараттық.

 Қатысушылар саны – 64.

Аягөз қаласының «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған