Нашақорлықтың алдын алу

de34a2.ШҚОСӨСҚО мамандары 2018 жылдың 18-ші қазанында Өскемен қаласының Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп лицейінің 8-10 сынып оқушыларының ұл балаларының арасында «Нашақорлықтың алдын алу» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты жасөспірімдер үшін нашақорлық тақырыбы өзекті ме, жоқ па анықтау және олардың ақпараттық деңгейін бағалау; психикаға белсенді әсер ететін затарға табанды кері көзқарасты және есірткі заттарын тұтынудың әлеуметтік өрескел бейнесін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылуды насихаттау. Оқушыларға ақпарат беріліп, практикалық дағдыларды қолдану тәсілімен «Бас тарту» «Есірткілерді тұтыну неге қауіпті?» рөлдік ойындары ойнатылды. Іс-шара соңында видеоролик тамашалап, ақпараттық білім беру материалдары ұсынылды.

«ШҚОСӨСҚО» ММ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған