«Біз алкогольге қарсымыз!» акциясын өткізді

20181031_1114232018 жылдың 22 қазанынан – 31 қазаны аралығындағы ішімдік ішуден бас тарту ұлттық күніне орайластырылған «Салауаттылық – өмір салты!» Ұлттық бағдарламасы аясында Аягөз қаласының «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығының мамандары Аягөз аудандық орталық ауруханасында «Біз алкогольге қарсымыз!» акциясын  өткізді.

Басты мақсаты жұртшылықтың назарын алкогольды ішімдіктерді ішудің алдын алуға аудару, ішімдіктің жағымсыз зардаптары туралы ақпарат беру және оны тұтынуға азаматтардың теріс көзқарасын қалыптастыру.

Акция өткізу барысында жастар мен жасөспірімдерге ақпараттық білім беру материалдары таратылып,алкольдік ішімдіктердің зияндылығы туралы ақпараттар берілді. Қатысушылар саны -28.

Аягөз қаласының «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған