Жасөспірімдерге «Жастар қорқорға құмар ма?» атты дебат және «Насыбай және оның салдары» тақырыбында семинар өткізілді

MCZ_Ayagos_Profilaktika_narkomanii_24-05-201824.05.2018 жылы Дүниежүзілік темекі шегумен күрес күні аясында «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығы маманы ұйымдастыруымен «С.Ғаббасов  атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ –нің 6-11 сынып оқушыларына «Жастар қорқорға құмар ма?» атты дебат және «Насыбай және оның салдары» тақырыбында семинар өткізілді. Дебат өту барысында оқушылар тақырып бойынша топқа бөлініп, әр тарап өз сөздерін дәлелдеді. Жастар арасында кеңінен етек алған бұл мәселе біздің бір түйткілді тақырыбымызға айналды. Оқушылар жан-жақты жинаған  ақпараттарын талқыға салды. Осы тақырыпта көрермендер арасында ой тасталып, мәселе кеңінен қозғалды. Қатысушылар саны – 13  оқушы .

«Нұрсалауат» ЖДО Аягөз қаласы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған