Медицина қызметкерлерінің қалалық спартакиадасы өтеді

ZOZH_VKO2018 жылғы 8 маусымда 9. 00 сағатта Өскемен қ. Комсомол аралында келесі ұранмен Медициналық қызметкерлердің қалалық Спартакиадасы өтеді: «Дені сау дәрігер – дені сау емделуші»

Дене белсенділігі- ол бүкіл өмір бойындағы денсаулықтың маңызды іргетасы. Дене белсенділігің денсаулық үшін белгілі пайдалы әсерлері жүрек-қан тамырларының ауруларының, гипертензияның, диабеттің және қатерлі ісіктердің бірнеше түрлерінің қауіпін төмендетуді, сонымен қатар кейбір созылмалы күйлерді кешенді жүргізудегі пайданы қамтиды.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасын жүзеге асыру аясында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары Ұлттық орталығының қолдауымен 2018 жылғы 17 мамырдан 17 маусымы аралығында Медициналық қызметкердің күніне орайластырылған «Дені сау дәрігер – дені сау емделуші» ұранымен медициналық қызметкерлердің спартакиадасы өткізіледі.

Спартакиаданың негізгі мақсаты болып табылады- медициналық қызметкерлер арасында жеткілікті дене белсенділігінің маңыздылығы жайында хабардарлықты жоғарлату, медициналық жұртшылықты дене белсенділігімен шұғылдануға тарту, медициналық қызметкерлердің өздерінің денсаулықтары үшін ортақ жауапкершілікті қалыптастыру.

Өскемен қаласының медициналық мекемелерінің қызметкерлері спорттың келесі түрлері бойынша жарысқа шығады: «Мини-футбол», «Арқан тартыс», «Ерлер арасында жеңіл атлетикадан эстафета», «Әйелдер арасында жеңіл атлетикадан эстафета», «Шахмат», «Тоғыз құмалақ».

БАҚ журналисттерін 2018 жылғы 8 маусымда 9. 00 сағатта Комсомол аралына қалалық Медициналық қызметкерлер спартакиадасына шақырамыз. Келесі автобустармен жетуге болады- 17, 33, 46, 43, 53, 55, 60, 260, 261, «Мешіт» аялдамасы.

Спартакиаданы ұйымдастырушылары болып табылады- ШҚО Денсаулық сақтау Басқармасы, ШҚО Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Дене шынықтыру және спорт бөлімі, Денсаулық сақтау қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ ұйымы, Өскемен Медицина колледжі.

Байланыс телефоны: 8-7232- 25-28-39 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған