Бас миының қан тамыр ауруларының алдын алу

Ambulatornii_centr_Profilaktika_SSZ_28-05-2018Өзектілігі: Қазіргі уақытта қан тамырлары аурулары ең көп таралған, олардың арасында бас миының қан тамырлары аурулары үлкен орын алады, олар жүрек аурулары мен онкологиялық аурулардан кейінгі үшінші орындағы өлім себепшісі болып табылады.

Бас миының  қан тамырларының зақымдануы басқаларынан жиі мүгедектікке  әкеледі.

Біздің елімізде бас миының қан тамырларының зақымдануының таралуы, статистика бойынша шамамен 100 000 тұрғынның 800-ін құрайды. Шамамен  65 жастан асқан адамдардың  5% – ы  бұрын бас миының инсультін алған.

Бас миының қан тамыр ауруларының негізі алдын алу шараларына гипертония мен атеросклероз ауруларын ескерту және емдеу, өйткені бұл аурулар, ми қан айналымының бұзылуының себепшісі болып табылады.

Ми тамырларының атеросклерозының ауыр көрінісі – инсульт.

Ми қанайналымының бұзылуы аяқ асты туындауы мүмкін, мидың тіні зақыманып, бас миының  жұмысы бұзылады.

Инсульт алған науқастар бөгде адамның көмегіне мұқтаж.

Инсульт алған науқастардың тек 20 % – ы ғана жұмысына қайтып оралады.

Бұл күнде инсульт алғандардың жасы жасарып келеді, олар – 30 – 40 жастағы адамдар. Ишемиялық инсульт алғашқы инсульттан кейін 5 жыл ішінде қайталануы ықтимал.

Егер бас ауруы, бас айналу, талу, сөйлеудің бұзылуы, теңселіп жүру пайда болған жағдайда жедел медициналық жәрдемге жүгіну керек.

Ми қан айналымының жіті бұзылуын ерте сатысында анықтауға сөйлеудің бұзылуы, бірнеше минутқа немесе сағатқа аяқ – қолдың ұйып қалуы көмектеседі.

Инсульт жиі жағдайда ескертусіз болуы мүмкін.

Бас миының қан тамырларының аурулары, ми қан айналымының созылмалы бұзылуынан білінеді.

Бас миының созылмалы қан тамыр ауруларының тәуекел факторлары мыналар: күретамырлы қысымның көтерілуі, бас және омыртқа артерияларының атеросклерозы, жүрек аурулары (жыбырлақ ырғақсыздық, ревматизмдік ақаулар және т. б.). Басқа да тәуекел факторлары (темекі шегу, қант диабеті, липидтік алмасудың бұзылуы).

Гипертония артериялық қысымның күрт ауытқуымен қауіпті.

Ми ишемиясы оттектің азаюына әкеледі, әсіресе атеросклерозда, тамырлардағы қанағым төмендейді. Есте сақтау бұзылады. Әсіресе егде жаста шаршағыштық, ұмытшақтық тән.

Бас миының қан тамырларының ауруларына құлақтың шулауы, бас айналу, босаңдық, жадының бұзылуы тән. Осы аталғандардың барлығы адамның жұмысқа қабілеттілігінің бұзылуына әкеліп соғады. Соңғы сатысында неврологиялық және психикалық бұзылулар көрсетілген. Жалпы жағдайы ауырлап, жүрек қызметі жиі бұзылады.

Салауатты өмір салтын ұстанып, артериялық қысымды, қандағы қант, холестерин деңгейін, протромбинды түзету. Сондай-ақ, денеге түсетін ауырлық пен күйзелісті азайту қажет.

Жылына 1 рет ми қан айналымының жағдайын зерттеу, (диспансерлеуді өту), тексеруді терапевт, невролог, офтальмолог жүргізеді.

Дұрыс тамақтанып, тұзды және майлы тағамдарды қабылдауды шектеу, көкөністер мен жемістерді көбірек жеу және аптасына 1 рет вегетариандық, яғни етсіз тағамдармен тамақтанатын күн ұйымдастырып тұру қажет. Тамақтың құнарлылығы ағзаның энергетикалық шығынына сай болуы тиіс.

Темекі шегуден және ішімдіктен бас тарту. Еңбек пен демалыс тәртібін дұрыс ұйымдастыру шарт. Міндетті  түрде, тәулігіне 7 – 8 сағаттан кем ұйықтамау керек. Демалыс күндерін дұрыс пайдалану. Спортпен айналысып,  жүйелі  жаяу жүру, жүгіру, жүзу, белесебет тебудің барлығы пайдалы.

Ақыл-ой еңбегін талап ететін қызметкерлерге белсенді өмір салтын жүргізіп, отыратын жұмыста әр сағат сайын тұрып, керіліп, бөлме немесе мекеме ішінде жүріп қайту қажет. Жұмысқа жаяу баруға немесе күніне 30 – 40 минуттай серуендеу керек.

Әртүрлі өлеңдер жаттап, ребустар мен сөзжұмбақтарды шешіп жадты жақсы дағдыландыруға болады.

Сондай-ақ, джаз және классикалық музыкаларды тыңдау тиімді.

Өмірді жағымды әсерлерге толтыруға тырысу керек. Әсіресе, жүрек – қан тамырларының патологиясы бар науқастарда аталмыш аурудың алғашқы белгілерін анықтау, кейіннен диспансерлік бақылау және емдеу маңызды.

Невролог дәрігер Рябинина Ольга Викторовна «Амбулаториялық орталық» мекемесі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған