Сібір жарасыдан өзіңді қалай қорғайсың

DOOZVKO_Sibirskaya_yazva_06-03-2018Сібір жарасы – мал және жабайы жануарардың бациллус антрацис микробын қоздыратын жіті түрде өтетін жұқпалы ауру. Адамдар мен ауыл шаруашылығы жануарларлары бұл індетке жиі шалдығып жатады.

Сібір жарасының қоздырғышының табиғи қоры топырақ. Бұл індеттің қоздырғыштары спора түзу арқылы табиғаттың қолайсыз жағдайларына қарамастан сыртқы ортада, топырақта ұзақ жылдар бойы сақталады. Бұл жұқпаның өршуі көбінесе ауа райы факторларына тығыз байланысты, жауын-шашын салдарынан жер қыртыстарының шамадан тыс ылғалданып, кейіннен жер құрғай бастағанда тереңдегі сібір жарасы қоздырғыштары (споралары) жер бетіне шыға бастайды. Індет негізінен жаз айларында өршиді.

Біздің Республика аймағында сібір жарасы қоздырғышатырының тұрақтытопырақ ошақтары бар. 2018 жылдың 1 қаңтарына Республика бойынша (1948 ден 2017 жылдарда) 1845 қолайсыз стационарлық пункттер (одан әрі ҚСП) бар. 1948 жылдан бастап 2017 жылға дейін сібір жарасынан 2616 ошақтарда 22000 мың бастан астам ауылшаруашылық малдары өлген және адамдар арасынан 1908 жағдай тіркелген.

2000 жылдан бастап біздің облыста бұл аурудың бірлі-жарымды 16 жағдайы 6 қалалар мен аудандарда анықталды. Соңғы екі жағдай 2016 жылы Жарма ауданының Калбатау ауылында тіркелеген.

Аурудың адамдарға жұғу факторлары:

  • -ауырған малдардың еті және еттен жасалған өнімдерін, қаны, сүйегі (ауру көздері), зақымдалған сыртқы жамылғысын (жүні, терісі) пайдалану салдарынан, сондай-ақ су, топырақ, қи, қора ішіндегі, цехтағы ауа да аурудың таралуына себепші болуы мүмкін.
  • -Адамның ауруға шалдығуы жұқпа көзімен жанасуы салдарынан, қоздырғыштардың адам терісіне, жарақат арқылы еніуі, сондай-ақ залалданған топырақтан да жұғуы мүмкін. Одан басқа ауру жұқтырылған тағамдарды тұтыну кезінде және ауа арқылы таралуы да мүмкін.

Адамдар үшін инкубациалық мерзім, ауруға шалдыққаннан кейін, бірнеше сағаттан, 4-7 күнге дейін созылуы мүмкін. Науқастың дене қызуы 39-40°С дейін көтеріледі. Қызарған қатты бөртпе қышып жараға айналады. Ауру белгілері біліне бастаған соң, дереу медициналық көмекке жүгіну керек, уақытында дәрігерге қаралмай, өз бетімен, немесе халық емін қолдану арқылы емдеу бұл ауру үшін аса қауыпты. Қазіргі медицинадағы арнайы дәрілерді уақытында пайдаланған жағдайда, бұл аурудан айығып кетуге болады.

Ауруды жұқтырмау үшін атқарылатын қажетті шаралар:

  1. Ауыл шаруашылығы малдарының арасында сібір жарасы тіркелген жерлерде ауру малдарды соймау.
  • – сілтеуші белгілерін орнату;
  • – СҚП аумақтарын қоршау;
  • – қоршау маңын үйіп көму;
  1. Малды күту кездерінде жеке бас гигиенасын сақтау. Малды қарағанда резіңке етіктер, қолғаптар, арнайы халаттар киіп, алжапқыштар, бас орамалдар тағу қажет, оларды басқа киімдерден бөлек жуып, залалсыздандырады, жұмыстар біткеннен кейін қолды мұқият жуу керек.
  2. Мал өлексесін өз бетінше жоймау, мал сібір жарасынан өлген кезде жануарды өртеу керек, ал еті тамаққа қолданбай жойылуы тиіс.
  3. Мал өлгенде немесе ауру малды шарасыз сойған жағдайда ветеринар мамандарға хабарлау қажет.
  4. Күйдіргіге қарсы егілген малдарды тек 14 күннен кейін ғана союға болатындығы ескерілуі керек.
  5. Ауыл шаруашылық малдарын аулада сойылуына жол бермеу керек және сойылған малдың етін ветиринариялық куәландіру қажет.
  6. Мал өнімдерін және еттін көшеден, арнайы ветеринарлық бақылаудан өтпеген және сатуға тиісті рұқсатынсыз сататын бейтаныс адамдардан алуға болмайтындығын ескеру қажет. Себебі олар көбінде ауырған малды сойып, ветеринарлық мамандарға көрсетпей, сатып жіберуге тырысады.
  7. Егер 10-14 күн ішінде жоғарыда аталған ауру белгілері байқалған жағдайда міндетті түрде медициналық көмекке жүгіну қажет.

Г. Сулейменов, руководитель ДООЗ ВКО

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған