ПБЗ тұтынудың алдын алу

Shkola_Gumbolta_Profilaktika_narkomanii_18-04-20172017 жылдың 18-ші сәуірінде А.Гумбольдт атындағы №12 мектеп-гимназиясында 8-ші сынып оқушылары үшін «Психобелсенді заттарды тұтынудың алдын алу» тақырыбына семинар өткізілді. Аталған заттардың жасөспірімдер ағзасына зиянды ықпалы туралы айтылды. Сондай-ақ, олардың тәуелділікті оятып, адам психикасына әсері жөнінде де әңгімеленді. Оқушылармен бірлесе талқылауда көшеде бейтаныс адамдар ұсынған жағдайларда, оларға не деп жауап беру және көмек үшін кімге жүгіну керектігі жөнінде ПБЗ бас тарту алгоритмі қаралды. ПБЗ түтынудың қауіпті екенін білген соң, балалар СӨС таңдады.

С.Меньшун, «Нұрсалауат» ЖДО-ның психологі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған