Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру сұрақтары туралы

SVA_Avicena_Vnedrenie_OSMS_20-04-2017Қазақстанда МӘМС 2017 жылдан бастап енгізіледі және жасына, жынысына, әлеуметтік дәрежесіне, тұрған орнына, табысына қарамастан барлық азаматтарға бірдей қолжетімді медициналық және дәрі-дәрмектік көмек беруге кепілдік береді.

Егер Сіз немесе Сіздің Жұмыс берушіңіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына ай сайын ақша аударып тұрсаңыз, сіз осы бағдарламаның қатысушысыз.

Сонымен қатар, азаматтардың 15 категориясына жарнаны Мемлекет төлейді, және олар толық медициналық пакет көмегін алады.

Егер төменде көрсетілген категорияға кірсеңіз, Мемлекет Сіз үшін жарна төлейді:

  • – ҰОС қатысқандар және мүгедектері;
  • – жұмыссыз мүгедектер;
  • – зейнеткерлер;
  • -көп балалы аналар;
  • – бала туғанына, бала асырап алғанына байланысты, 3 жасқа толмаған баласының күтіміне байланысты демалыстағы тұлғалар;
  • – жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, сондай-ақ баласы 3 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлғалар;
  • – балалар;
  • – интернат ұйымдарында оқитын және тәрбиеленетін тұлғалар;
  • – техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін ұйымдарда күндізгі оқыту нысаны бойынша, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін оқу орындарында резидентура нысаны бойынша оқып жатқан тұлғалар;
  • – сот үкімі бойынша ең аз қауіпсіздігі бар мекемелерден бөлек ҚАЖ мекемелерінде жазасын өтеп жатқан тұлғалар;
  • – уақытша ұстау және тергеу оқшаулағыштарында жатқан тұлғалар.

Әскери қызметкерлер, арнайы мемлекеттік органдар қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жарна төлемейді, бірақ медициналық көмек алуға құқылары бар.

Егер жұмыссыз болсаңыз, жұмыспен қамту орталығына барып жұмыс сұрайсыз, ыңғайлы жұмыс болмаса, жұмыссыз ретінде тіркелесіз. Бұл жағдайда сіз үшін мемлекет төлейді.

Сақтандырылған азаматтарға келесі медициналық көмек көрсетіледі:

  • – амбулаторлық-емханалық көмек
  • – стационарлық көмек
  • – стационардың орнын басатын көмек (күндізгі стационарда емдеу)
  • – Жоғары технологиялы медициналық көмек
  • – Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету

Сіз МӘМС қатысушы болмасаңыз, сізден жарна түспесе, Сізге МӘМС аясында көрсетілетін медициналық көмек көрсетілмейді. Бірақ Сіз кепілді медициналық тегін көмек көрсету ала аласыз: жедел жәрдем және санитарлық авиация қызметтері,

әлеуметтік маңызы бар ауруға шалдыққандарға және шұғыл жағдайларда көрсетілетін медициналық көмек, профилактикалық екпелер, амбулаторлық-дәрілік қамтамасыз етумен амбулаторлық-емханалық көмек (2020 жылға дейін).

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі мемлекет, жұмыс беруші және азаматтардың денсаулықты қорғауда ынтымақты жауапкершілігі жағдайында тиімді болады.

К.Н. Ким, директор СВА «Авицена»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған