2016 жыл бойынша Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы қорытындысына талдау

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңымен барлық мемлекеттік органдар үшін қараудың біріңғай заңды тәртібі бекітіліп, жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етілген.

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен 2016 жыл қорытындысы бойынша есеп дайындалды.

2016 жылда Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына заңды тұлғалардан барлығы 223, жеке тұлғалардан 452 өтініш келіп түсті.

Жеке тұлғалардан келіп түскен 452 өтінішінің ішінде: шағым – 184, өтініш-243, басқа арыздар -25. 2015 жылмен салыстырғанда жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер-11,9% (398) артты.

Заңды тұлғалардан келіп түскен 223 өтініштің ішінде, шағым-6, өтініш-12, басқа арыздар-205. 2015 жылмен салыстырғанда заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер -30,9 % (154) артты.

Заңды тұлғалардан келіп түскен сұранымдар негізінен БАҚ. Бұл келіп түскен өтініштердің 91% (203) құрайды.

Азаматтардың өтінішінің сипаты негізінен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, мүгедектік тобын анықтау (79,4%), дәрімен қамтамасыз етуге көмек көрсету  (12,2%), емделуге және тексерілуге материалдық көмек көрсету (2,6%), кадр мәселесі туралы (2,9%), және т.б. (2,9%) өтініштерден тұрады.

Өтініштердің пайда болуының объективті алғышарттары, олар медицина қызметкерлерімен медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңінде пайда болады.

Өтініштердің пайда болуының негізгі себептері:

– Дәрігерлік этика мен деонтологияның бұзылуы;

– Жергілікті жерлерде медициналық көмек көрсетудің жеткіліксіз ұйымдастырылуы.

Аталған кезеңде өтініштерді қарау нәтижесінде 63 медицина қызметкеріне тәртіптік жаза қолданылды.

Өтініштерді қарау қорытындысы: жыл басында жеке тұлғалардың қаралмай қалған өтініштері – 8. 2016 жылда жеке тұлғалардан түскен өтініштердің жалпы саны – 452, оның 90 (1) қанағаттандырылды, 304 (7) түсінік берілді, құзыретіне байланысты басқа мемлекеттік органдарға жолданғаны -29, тоқтатылды -12, мерзімінің ұзартылуымен қаралды – 1 (2015 жыл), есепті кезеңнің соңында қаралмай қалған арыздар-17.
Заңды тұлғалардың жыл басында жеке тұлғалардың қаралмай қалған өтініштері – 1. 2016 жылда заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жалпы саны-223, оның 3 қанағаттандырылды, 211 (1)  түсінік берілді, құзыретіне байланысты басқа мемлекеттік органдарға жолданғаны-8, мерзімінің ұзартылуымен қаралды-1 (1), есепті кезеңнің соңында қаралмай қалған арыздар-2.

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында, сондай-ақ ведомствалық бағынысты мекемелерде басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі жасалған. Сонымен қатар, келген арызданушылардың арызын қолма-қол қарастыру  мақсатында, мекеме қызметкерлерінің кезекшілік ету кестесі туралы бұйрық шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасына мәлімет есеп беру айынан кейінгі айдың 1 күні жіберіледі.

Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жедел, тиімді және уақытында орындалуын жақсарту бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» заңының талаптарын орындау бойынша бақылау күшейтілген.

Басқарма қызметерлеріне құқықтық оқыту сабақтары жүргізіліп, заңды бұзуға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдануда.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған