АИВ – үкім емес

dd_umit_profilaktika_spida_26-02-20172017 жылдың 26-шы ақпанында «Нұрсалауат» ЖДО-ның психологі және ЖИТС-ның алдын алу және онымен күресу Облыстық орталығының маманы Е.П.Чмарева «Үміт» Балалар үйінің 7-10 сыныптар оқушылары үшін АИВ/ЖИТС-ның алдын алу бойынша семинар өткізді. Семинардың мақсаты – АИВ/ЖИТС туралы хабардарлықты жоғарылату, АИВ індетін жұқтырудың алдын алу әдісі ретінде салауатты өмір салтын сақтаудың маңыздылығы. Семинар жүргізу кезінде мамандар мынадай сұрақтарды айқындап түсіндірді: адамның иммун тапшылығы вирусының пайда болу тарихы, жұқтырудың 3 негізгі жолдары, статистика, алдын алу және жауапкершілік іс-шаралары. Ақпаратты тек ауызша ғана емес, сондай-ақ көрімді түрде тиімді меңгеру үшін АИВ/ЖИТС туралы бейне көрсетілді. Семинардың аяғында қатысушыларға «Қауіпсіздік бағытын» өту ұсынылды.

АИВ/ЖИТС әлі де жазылмайтын ауру деп есептеледі, өйткені оған қарсы егу ойлап табылған жоқ. Бірақ алдын алу тестілерін жүргізу және уақытында емдеудің есебінен АИВ індетін жұқтырған адамдардың өмір сүру ұзақтығы індет жұқтырмаған адамдардың өмір сүру ұзақтығынан айырмашылығы жоқ. АИВ – үкім емес, жай ғана басқаша өмір!

«Нұрсалауат» ЖДО-ның әлеуметтік қызметкері С.М.Маралбекова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған