Шығыс Қазақстан облысы туберкулезге қарсы қызметінің 2016жылдың 12 айының жұмысына талдау

Туберкулез диагностикасында қақырық микроскопиясы,клинико-рентгенологиялық деректер,культуралды әдістер сияқты бірнеше деңгейлер мен әдістер қолданылады. Облыс бойынша туберкулез диагностикасының молекулярлық-генетикалық әдістері және кең ауқымды дәріге төзімді туберкулезі (бұдан әрі -ТБ КДТ/ДАТ ) өткізіліп,енгізілген,бұл қысқа мерзімде диагнозды анықтап мезгілінде емдеуге мүмкіндік береді.Бұл жабдық облыс деңгейінде және өңірлік Өскемен, Семей қалаларының диспансерлерінде жұмыс істейді.Жұмыс клиникалық басшылық, клиникалық хаттамалар мен туберкулездің ТБ КДТ/ДАТ науқастарын стандартты емдеу жұмыстарымен сәйкес жүргізіледі.Көптеген жылдардан бері алғаш рет 2016жылы 6,1% туберкулездің қақырық микроскопиясын анықтау бойынша стандартқа қол жеткізілді.(ДДҰ стандарты кезінде 50 % кем емес). Химиопрофилактика үшін БЦЖ вакцинасымен және изониазидпен толық қамтамасыз ету.

Мемлекеттің мықты саяси қолдауы және алдын -алу бойынша нормативті құқықтық базаның болуы 100 мың тұрғынға шаққанда туберкулез ауырушаңдығын анықтауда, диагностикалауда, туберкулез науқстарын қадағалауда 59,9- 17,3%-ға (абсалюттік саны 836) 2015жылы 49,5 (абсалюттік саны 691)сияқты негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштердің жыл сайынғы тұрақты төмендеуіне әкеліп соқтырды.2015 жылдың 12 айы ішінде 100 мын тұрғынға шаққанда 97,1-ден 20%-ға 2016жылдың 12 айы ішінде 77,6-ға дейін таратылуы. Аурушаңдық 2016жылдың 12 айы ішінде 100 мын тұрғынға шаққанда 11,0-ден 99,1-ге дейін 14,5%-ға төмендеді. Сондай-ақ талдау кезеңінде балалар аурушаңдығы 100 мын тұрғынға шаққанда нөлден 17 жасқа дейін 15,5-тен 8,9-ға дейін 42,5%-ға төмендеді. Туберкулезден өлім-жітім 100 мын тұрғынға шаққанда 504-тен 3,9-ға дейін 27,7%-ға төмендеді.

Барған сайын іс-шаралар іске асырылуда„Қазақстанда 2016-2025 жылдары интеграцияланған бақылау үлгілері „екі кезеңнен тұрады:

Туберкулездің интеграциялық бақылау мақсаты болып:

-Қазақстанда туберкулез індетін жою( 100 мын тұрғынға 50)

-туберкулез аурушаңдығы бойынша-2020 жылға қарай

-туберкулездің таралуы-2025жылға қарай

Негізгі стратегиялық бағыттар болып:

-тұрғындар арасында балаларға назар аудара отырып туберкулездің алдын алудың тиімді түрімен қамтамасыз ету

-туберкулездің ерте анықталған және диагностикасы,соның ішінде дәріге тұрақы туберкулезді тиімді емдеу.

Біздің облыс бойынша толығымен І кезең аяқталды.Көлденең үлгілері (Амбулторлық көмектің) бұл туберкулез кабинеттерін БМСК жүргізуге тапсыру.

ІІ кезең сатылас біріктіру (стационарлық көмек)бір заңды тұлғаға біріктіру.Облыс бойынша 2016жылдың ортасынан туберкулез қызыметінің з заңды тұлғасы жұмыс істейді.

Өскемен қаласы ОТҚД,Семей қаласындағы АТҚД,Семей қаласындағы балалар туберкулезге қарсы аурухана.

2014 жылдың 30-мамырындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің „Қазақстан Республикасы бойынша 2014-2020 жылдардағы туберкулезбен күрес Кешенді жоспарын„бекіту туралы №597 Қаулысын іске асыру мақсатында,туберкулезге қарсы төсек-орындарды оңтайландыру жүргізілді. Облыс бойынша 2015-2016 жылдары ішінде 130 төсек-орын оңтайландырылды, қаржыны үнемдеу туберкулезге қарсы бағытта және туберкулездің жедел-қорытындысы үшін реагенттерге арналған құрал-жабдықтар,емханалық-амбулаторлық -емханалық қызметті нығайту,қызметтің материалды-техникалық базасын күшейту үшін реагенттерді сатып алу басымдылығына бағытталған.

Туберкулезге қарсы бірінші,екінші,үшінші қатардағы препараттармен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз етуді (бірінші,екінші,үшінші қатардағы препараттармен емдеумен қамту 100 % құрады және сондай-ақ өсті ).Талдау кезеңінде КДТ ТБ науқастарды емдеу тиімділігі 75% ДДҰ стандарт кезінде 75% құрады.

Облыс бойынша 2016жыл ішінде жоспарланған медицина қызметкерлерін „Науқастарды тұрақты түрімен жүргізу менеджменті „бойынша,туберкулездің микроскопия әдісімен жедел жабдықтау жұмыстары бойынша қамту 100% құрады.БМСК жүйесінде „БМСК жүйесінде туберкулезді ерте анықтау„ бойынша және туберкулезге қарсы қызмет мамандарын медицина қызметкерлерін жаппай оқыту жүргізіледі

Сектораралық және ведомствоаралық өзара әрекетті күшейту үшін,бірқатар іс-шаралар жоспарлары қабылданған,КДТ/ДАТ ТБ және туберкулез пациенттерін емдеуде адалдықты арттыру бойынша,сондай-ақ ЖИТС /ТБ,АМ и ДО жанамалас инфекцияларының өкпенің обструктивтік созылмалы ауруларының және облыс тұрғындарының балалар мен жасөспірімдер арасындағы топ туберкулезінің алдын алу бойынша ҮЕҰ мен „Қуат„ЖШС -мен тығыз ынтымақтастық жүргізіледі.

Амбулаторлық кезеңде туберкулез науқастарын әлеуметтік қолдау бойынша емдеу маңызды рөл атқарады.Осы бағытта сондай-ақ облыс аудандары мен қала әкімдері жұмысты күшейтуде.Науқастарды оңалту үшін,сауыққаннан кейін „Боровое„ шипажайына жолдама беріледі.

Облыстағы жүргізілген барлық іс-шралар эпидемиологиялық жағдайларды тұрақтандыруға бағытталған.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған