2016 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша тұрғындарға онкологиялық көмек көрсетудің жай-күйі туралы АҚПАРАТ

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына мамандандырылған онкологиялық көмек 320 төсекке  есептелген екі онкологиялық диспансерлермен көрсетіледі. Өскемен қаласындағы ШҚО  ОД  (онкологиялық диспансері)  240 төсекке арналған, оның ішінде 170 төсек-тәуліктік стационар және күндізгі стационар-70 төсек, Семей қаласы ӨОД тәулік бойы жұмыс істейтін стационар 140 төсектен және күндізгі стационарда -20 төсектен тұрады.

ШҚО бойынша қызмет көрсетілетін тұрғындар саны– 1 394800. ШҚ өңірінің саны – 775264,  9 аудан мен 2 қалаға (Риддер қ., Өскемен қаласы) қызмет көрсетеді. Семей өңірі – 619420 тұрғындарға,  6 аудан  мен 2 қалаға (Курчатов қ., Семей қ.) қызмет көрсетеді.

 

Облыс бойынша аурушаңдық көрсеткіші 2016 жылы 297,0 100 мың тұрғындарды  құрайды – (2015жылғы  осы кезеңде  4206 – 301,6 100 мың тұрғ.). 2015 жылмен салыстырғанда ауырғандар саны-61 науқастарға  азайды.

2016 жылы  облыс бойынша алғашқы  рет есепке алынғандардың  абсолюттік саны – 4145.

 

2016 жылы  Облыс бойынша аурушаңдық құрылымы бойынша

және 2015 жылдың осындай кезеңінде

1-ші орында тері обыры – 570 – 100 мың тұрғынға 40,9. (2015ж. 570 – 100 мың тұрғынға 40,9),  2-орында өкпе обыры – 516 –100 мың тұрғынға 37,0 (2015ж.516– 37,0 – 100 мың тұрғынға), 3-орында сүт безі обыры 419 — 100 мың тұрғынға 30,0 (2015ж. 419 – – 100 мың тұрғынға 30,0), 4-орында асқазан обыры – 320 – – 100 мың тұрғынға 22,9 (2015ж. 320 – – 100 мың тұрғынға 22,9)

2016жылғы орташадан  жоғары облыстық көрсеткіш– (обл. көрсетк. 100 мың тұрғ. -297,0) Өскемен қаласындағы  аурушаңдық 1410 – 426,1    100 мың тұрғ. (2015жылы 1335 – 100 мың тұрғ. 407,9.), Глубокое ауданы 195 -100 мың тұрғ. 304,0 (2015жылы  241 – 100 мың тұрғ.375,6), Риддер қ. -228 -100 мың тұрғ. 392,8 (2015жылы 235 – 100 мың тұрғ. 405,1), Шемонаиха ауданы 162 -100 мың тұрғ. 356,4 (2015жылы 168 -100 мың тұрғ. 366,0), Зырян ауданы -271 – 100 мың 383,6 (2015жылы 277 – 100 мың тұрғ. 386,2).

Қатерлі ісіктерден болған  өлім көрсеткіші облыс бойынша -100 мың тұрғ.  129,0 (абс. 1799) 2015ж. – 135,5 (абс. 1891) тұрады. 2015 жылмен салыстырғанда өлімнің  5% – ға төмендеуі байқалады.

 

2016 жылы  облыс бойынша  өлім  құрылымы бойынша

және 2015 жылдың осындай кезеңінде

1-ші орында өкпе обыры – 387– 100 мың тұрғ. 27,5 (2015ж. 387 – 100 мың тұрғ. 27,5)

2-орында асқазан обыры – 204-100 мың тұрғ. 14,6, (2015ж. 204 – 100 мың тұрғ. 14,6),

3-орында сүт безі обыры – 143 -100 мың тұрғ. 10,3 (2015ж. 143 – 100 мың тұрғ. 10,3),

4-орында тік ішектің қатерлі ісігі-125 -100 мың тұрғ. 9,0 (2015ж. 125 – 100 мың тұрғ. 9,0).

Сапалық көрсеткіштері

2016 жылғы асқыну көрсеткіші 16,8 % ( абс -657) ол 2015 ж.салыстырғанда 0,7% – ға төмен,  17,5% (абс. 686) құрайды.

Асқынудың  талдау көрсеткішін аудандар бөлінісінде көрсетсек,  облыстық  орташадан  жоғары ең жоғарғы көрсеткіш (обл. көрсетк.-16,8 %), Аягөз  ауданында– 24,2%, Катонқарағай – 22,6%, Бородулиха– 20,8%,Курчатов қ.–20,6%, Абай – 20,7%, Зайсан – 19,1%,Глубокое – 19,1%, Күршім ауданында – 18,5%, Тарбағатай ауданында – 17,3%.

Облыс бойынша есептік кезеңдегі 5 жылдық өміршеңдік көрсеткіші 50,2 % – ға, 2015 ж. салыстырғанда 1,5% – ға төмен (2015ж. – 51,0%)

Төмен деңгейдегі облыстық көрсеткіш мына аудандарда байқалады: Курчатов қ. – 35,9%; Катон-Қарағай -41,7 %; Күршім -42,4%; Ұлан -44,4 %, Үржар ауданы -44,7 % – ға өсті. Зырян ауданы – 45,7%, Өскемен қаласы – 47,1 %; Глубокое -48,8 %; Тарбағатай – 48,0%,

Облыс бойынша қатерлі ісікті  I-II сатысында  ерте анықтау көрсеткіші: 62,8 %  құрайды (Меморандум — 50)

Облыстық көрсеткіштен  төмен деңгей  мына аудандарда байқалады: Абай ауданы -41,4%, Курчатов қ. – 44,1%,  Аягөз ауданы -49,5 %,  Бородулиха ауданы -56,4%,  Жарма ауданы – 57,1%, Семей қ. -57,9 %, Үржар ауданы -58,9 %.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған