2015 жыл бойынша Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ статистикалық үлгісін қалыптастыру қорытындысына ТАЛДАУ

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңымен барлық мемлекеттік органдар үшін қараудың бірыңғай заңды тәртібі бекітіліп, жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етілген.
Барлық мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеудің бірыңғай критериін қалыптастыру үшін заңның негізгі ережелерін жүзеге асыру, арыздарды қарау туралы статистикалық мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережелері», сондай-ақ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ статистикалық есепті құрастыру бойынша Нұсқаулық бекітілген.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен 2015 жыл қорытындысы бойынша осы есеп дайындалды.
№ 1-ОЛ үлгісіндегі статистикалық есепті қалыптастыру қорытындысы бойынша, 2015 жылда Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына заңды тұлғалардан барлығы 154, жеке тұлғалардан 398 өтініш келіп түскен.
Жеке тұлғалардан келіп түскен 398 өтініштің ішінде; шағым – 169, өтініш – 210, басқа арыздар – 19. 2014 жылмен салыстырғанда жеке тұлғалардан түскен өтініштер 37,8% төмендеген.
Заңды тұлғалардан келіп түскен 154 өтініштің ішінде: өтініштер – 23, басқа арыздар – 129, шағымдар – 2. 2014 жылмен салыстырғанда заңды тұлғалардан түскен өтініштер 88,9 % төмендеген.
Заңды тұлғалардан келіп түскен сұранымдар негізінен БАҚ. Азаматтардың өтінішінің сипаты негізінен жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету, емделуге және тексерілуге материалдық көмек көрсету, дәрімен қамтамасыз етуге көмек көрсету, мүгедектік тобын анықтау туралы өтініштерден тұрады.
Өтініштердің пайда болуының себебі объективті алғышарттар, олар медицина қызметкерлерімен медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңінде пайда болады.
Өтініштердің пайда болуының негізгі себептері:
– Дәрігерлік этика мен деонтологияның бұзылуы;
– Жергілікті жерлерде медициналық көмек көрсетудің жеткіліксіз ұйымдастырылуы.
Өтініштерді қарау қорытындысы: жыл басында жеке тұлғалардың қаралмай қалған өтініштері – 10, 2015 жылда жеке тұлғалардан түскен өтініштердің жалпы саны – 398, оның 78 қанағаттандырылды, 274 түсінік берілді, құзыретіне байланысты басқа мемлекеттік органдарға жолданғаны – 24, қайта қаралды – 8, мерзімінің ұзартылуымен қаралды – 7, есепті кезеңнің соңында қаралмай қалған арыздар – 8.
Заңды тұлғалардың жыл басында қаралмай қалған өтініштері – 2, 2015 жылда заңды тұлғалардан түскен өтініштердің жалпы саны – 154, оның 152 түсінік беріліп, мерзімінің ұзартылуымен қаралды – 1, құзыретіне байланысты басқа мемлекеттік органдарға жолданғаны – 3, есепті кезеңнің соңында қаралмай қалған арыздар – 1.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасында, сондай-ақ ведомстволық бағынысты мекемелерде басшының және оның орынбасарларының азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі жасалған, азаматтардың қабылдануын есепке алу журналы жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережелері» атты бұйрығына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен барлық өтініштер автоматтандырылған ақпараттық жүйеде тіркеледі.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасына мәлімет есеп беру айынан кейінгі айдың 1 күні жіберіледі.
Бүгінгі күні жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштердің жедел, тиімді және уақытында орындалуын жақсарту бойынша қажетті жұмыстар атқарылуда, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша, «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығын орындау бойынша бақылау күшейтілген.
Басқарма қызметкерлеріне құқықтық оқыту сабақтары жүргізіліп, заңды бұзуға жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдануда.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған