Жіті ішек инфекцияларынан сақтанайық!

Shkoli_U-Ka_Profilaktika_OKI_02-06-2016Жадырап жаз да жетті, демалу маусымы, әсіресе балалар қуанышты. Дегенмен жаз кезінде балалар жеке бас тазалығын, ЖІИ ауыру қаупін   естен шығарып алады. ЖІИ ауызға лас қол арқылы түседі.

Осы аурудың алдын алу мақсатында ШҚОСӨСҚО мамандары №15, 44, 43, 37 мектеп жанындағы лагерь оқушылары үшін семинар өткізді. Семинарда ішек инфекциясының қоздырғыштары бактерия, вирус, гельминттар екендігі, олар жай көзге көрінбейтіні, оларды тек микроскоппен ғана көруге болатыны, олар қасық, шанышқы, ойыншық, тұтқа және т.б жерлерде болатыны туралы айтылды. Микробтар суда, сүтте, етте, кондитер өнімдерінде, салатта және т.б тез бұзылатын тағамдарда болатыны жайлы ескертілді. Бұлар сальмонеллез, дизентерия, А вирусты гепатит, лямблиоз, және т.б аурулар тудырады. Сондықтан қарапайым жеке бас тазалығын сақтау қажет: дәретханадан соң қолды жуу немесе ылғалды сулықпен сүрту; қайнатылған ас суын ішу; жеміс-жидек, көкөністерді қолданар алдында жақсылап жуу; тағамды дұрыс сақтау (4-5 сағат сақтаңыз келсе60 градустан жоғары ыстықта немесе 5-10 градус суықта). Сапарға шықсаңыз, тез бұзылатын тамақ алмаңыз, сақтау ережесі мен жарамдылық мерзімін сақтаңыз; мал, құс еттерін, жұмыртқаны, теңіз өнімдерін, сүтті термикалық өңдеңіз (жақсылап қайнату, жақсылап қуыру. Тұрғынжайды үнемі таза ұстаңыз.Оқушыларды қызықтырған сұрақтарға жауаптар берілді. 216 бала қамтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған