Жіті ішек инфекцияларының алдын алу шаралары

Profilaktika_OKI_01-06-2016Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) (жіті диарея (іш өту) аурулары) диарея синдромының дамуынан туындайтын үлкен аурулар тобы. Оған бактерия, вирус және т.б. қоздырғыштар тудыратын аурудың 30 түрі жатады.

ЖІИ-ге шалдығу жоғары. Оны жұқтыру қаупі ағзаға түскен қоздырғыштың мөлшеріне, оның уыттылығына, сондай-ақ асқазан-ішек жолдары қызметінің кедергілі және ферменттік жағдайы мен иммундық жүйенің белсенділігіне байланысты. ЖІИ-ге нәрестелер, шала туылған балалар, сондай-ақ қолдан тамақтанатын сәбилер тез шалдыққыш болып келеді.

Жыл сайын 1,8 миллион адам диареялық аурулардың нәтижесінде қаза табады, сонымен қатар мұндай оқиғалардың көбі залалды азық-түлік немесе суға байланысты деректерге жатқызылуы мүмкін. Тағамды дұрыс даярлау асқорыту жүйелерінің көптеген ауруларының алдын алуы мүмкін.

Азық-түліктердің қауіпсіздігін арттырудың бес қағидасы:

1. Тазалықты сақтаңыз

– Азық-түлікті ұстаудың, сондай-ақ оны дайындаудың алдында қолыңызды жуыңыз

– Дәретханаға барғаннан кейін қолыңызды жуыңыз

– Тамақ дайындау кезінде қолданылатын кез келген жерді және ас үй жабдықтарын мұқият жуыңыз

– Азық-түлік сақтайтын және дайындайтын жерлерде жәндіктер, кеміргіш пен басқа жануарлардың болуына жол бермеңіз

2. Жылумен өңделген азық-түліктен шикі азық-түлікті бөлек ұстаңыз

– Шикі етті, құс етін және теңіз өнімдерін басқа азық-түліктерден бөлек ұстаңыз

– Шикі азық-түлікке бөлек ас үй құралдарын (пышақ пен тақтайды) қолданыңыз

– Шикі мен дайын азық-түліктің араласпауына жол бермеу үшін жабық ыдыста сақтаңыз

3. Азық-түліктерді жылумен өңдеңіз

– Азық-түлікті, әсіресе, ет, құс еті, жұмыртқа мен теңіз өнімдерін әбден жылумен өңдеңіз

– Ыстық тағамды жақсылап қуырып, қайнатуға тырысыңыз. Дайын ет немесе құс етінің сөлінің түсі қызғыл емес, ақшыл болуы керектігін есіңізде сақтаңыз

– Дайын тағамды кемінде 5 минут әбден жылытыңыз

4. Азық-түлікті қауіпсіз температурада сақтаңыз

– Дайын тағамды бөлме температурасында екі сағаттан артық қалдырмаңыз

– Дайын және тез бұзылатын азық-түліктерді кешіктірмей (5°C төмен температурада) салқындатыңыз

– Дайын тағамды ыдысқа салғанша ыстық (60 °C жоғары) күйінде сақтаңыз

– Тағамды тіпті тоңазытқышта да ұзақ сақтамаңыз

– Азық-түлікті бөлме температурасында ерітпеңіз

5. Қауіпсіз су мен қауіпсіз шикі азық-түлікті тұтыныңыз

– Таза суды немесе оны тазартып қолданыңыз

– Балғын және пайдалы азық-түлікті таңдаңыз

– Қауіпсіздігін арттыру мақсатында өңделген азық-түлікті, мысалы пастерленген сүтті таңдаңыз

– Жеміс пен көкөністі, әсіресе шикідей тұтыну алдында жуыңыз

– Пайдалану мерзімі аяқталған азық-түлікті қолданбаңыз.

Егер де ішіңіз ауырып, жүрегіңіз айнып,тәбетіңіз тартпай, ыстығыңыз көтеріліп, ішіңіз өтіп өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, дереу дәрігерге көрініңіз, өздігіңізден емделмеңіз!

Есіңізде болсын! Осы ережелерді сақтасаңыз – өз денсаулығыңызды сақтағаныңыз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған