Риддерде Медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өтті

Spartakiada_Ridder_20163.06.2016 Риддер қаласында Медицина қызметкерлерінің спартакиадасы-2016 өтті. Қалалық маслихаттың хатшысы И.И. Панченко құттықтау сөз сөйлеп, спартакиаданы ашық деп жариялады. Көңіл-күйді көтеріп, денені жаттықтырып алу үшін «Нұрсалауат»Жастар денсаулық орталығының мамандары буын гимнастикасын өткізді, содан кейін қатысушылар стадионды айнала шеңбермен жүгіріп өтті.

Жарыс басталды! Бірінші орынға шығу үшін 8 команда сынға түсті.

Әр команда киімдерімен, қызықты атауларымен ерекшеленді. Спорттық жарыстан бөлек, команда капитандары арасында зияткерлік байқау өтті, онда медицина тақырыбы бойынша сұрақтар қойылды. Күн райы жайлы болды, «Сокол» стадионындағы қолдаушылар сүйікті командаларын шапалақтап, қошеметтеп отырды.

Жарысты адал бағалау үшін кәсіби жаттықтырушылар Е.И.Подкорытова, И.Жарков шақырылды. Жарыс қорытындысы бойынша:

3-орын: «Жедел медициналық көмек бөлімінің» «Адреналин» командасы

2-орын: «Туберкулезге қарсы диспансердің» «Сау өкпе» командасы

1-орын: «Қалалық емхананың» «Адал» командасы.

Барлық жеңімпаздарға сыйлықтар берілді, ал чемпион командаға ауыспалы кубок тапсырылды.

«Риддер қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК барлық қатысушыларға алғысын айтып, сол жерде ұйымдастырылған шайға шақырды.

Ісшараны қалалық әкімдіктің, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен Риддер қаласындағы «Нұрсалауат»Жастар денсаулық орталығы, СӨС кабинеті мамандары ұйымдастырды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған