Медицина қызметкерлері жарыста!

Spartakiada_medrabotnikov_201603.06.2016 Комсомол аралындағы стадионда жыл сайынғы дәстүрлі Медицина қызметкерлерінің спартакиадасы өтті. Спартакиаданы Өскемен қ.әкімінің орынбасары О.А.Булавкина ашты.

Спартакиадаға 23 емдеу-алдын алу мекемесінен келесі спорт түрлерінен: шағын футбол, әйелдер мен ерлер арасындағы эстафета, арқан тарту, шахмат, гір көтеруден (70 кг дейін, 70-90 кг, 90 кг) 600-ден астам адам қатысты.

Жалпыкомандалық есеп бойынша:

  • 1-орын: «Жедел жәрдем станциясы» ШЖҚ КМК, басшысы М.С.Ластаев.

Жүлде-тоңазытқыш.

  • 2-орын: «Ана мен бала орталығы» ШЖҚ КМК, басшының м.а А.З.Бурынбетова.

Жүлде – қысқа толқынды пеш.

  • 3-орын: «ШҚ облыстық ауруханасы» ШЖҚ КМК, басшысы Ж.А.Жұмаханов.

Жүлде – кофе-машина.

Аталымдар бойынша:

  1. «Ең спортшы басшы» – Ж.Ж.Алипбаев (ШҚО ДБ), А.З.Бурынбетова (Ана мен бала орталығы)
  2. «Үздік шабуылшы» – Р.Жакупов (Ана мен бала орталығы)
  3. «Үздік қақпашы» – Б.Кашкимбаев (Туберкулезге қарсы диспансер)
  4. «Үздік қорғаушы» – Р.Абдуллин (ШҚО ДБ)
  5. «Үздік жабдық» – Ана мен бала орталығы
  6. «Үздік сәлемдесу» -ШҚО оңалту орталығы.

Барлық жеңімпаздарға грамоталар, бағалы сыйлықтар берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған