Халықаралық балаларды қорғау күні

Shkola18_Den_zashiti_detei_01-06-20161.06.2016 «№18 орта мектепте» «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығы мамандары оқушылар арасында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай спорттық-би жарысын өткізді. Ісшара қонақтары «ТМК» АҚ Президенті, депутат А.Т.Мамутованың қоғамдық қабылдауының басшысы Б.Р.Бакинова, №18 орта мектептің директоры С.Н.Варакина балаларды мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзден кейін «Нұрсалауат» жастар денсаулық орталығы мамандары мен №2 мектеп-гимназияның еріктілері флэш-моб биледі. Күн райының жайсыздығына қарамастан балалар мерекелік бағдарламаның барлық байқауларына белсене қатысты. Алғашқы үш орынды жеңіп алғандарға кубоктар, қалған командаларға естелік сыйлықтар мен грамоталар, «Ромат» фармацевтикалық компаниясы ұсынған гематогендер тапсырылды. Бұл тек қана балалар үшін көңілді мереке емес, бала құқығын қорғау, олардың бақытты болып өсулері, оқулары, сүйікті істерімен айналысулары, болашақта жақсы ата-ана, жақсы азамат болып өсулері тиісті екендігіне қоғамның назарын аударту.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған