Денсаулық фестивалі жалғасуда

Press_club_Mi_za_ZOG_08-06-2016Салауатты өмір салты сәнге айналып барады. Ол дене белсенділігі, дұрыс тамақтану, темекі тартудан, алкогольді шамадан тыс қолданудан бас тарту, жеке бас гигиенасын сақтау, күйзелістен аулақ болу және қарсы тұра білу, алдын алу тексерулерінен уақтылы өтуден тұратын, денсаулықты сақтайтын және нығайтатын өмір салты.

8 маусымда сағат 10.00-де Киров к,66 мекенжайындағы Ұлттық баспасөз клубында ШҚОСӨСҚО ұйымдастырған «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» атты баспасөз мәжілісінде осылар жайлы айтылды.

Баспасөз мәжілісіне «Нұр Отан» қалалық филиалының бірінші орынбасары М.Ш.Екибасова; Өскемен қ. дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, ҚР және халықаралық турнирлардың бірнеше дүркін чемпионы, Баку қ. әлем кубогының күміс жүлдегері, Доха Катар қ. 15 азия ойындарының күміс жүлдегері, дзюдо күресі бойынша халықаралық классты спорт шебері А.Ж.Атаев; самбо, грепплинг, ережесіз жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Т.С.Уразов қатысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған