«Денсаулық қалашығы»

DKM_Gorodok_zdorovya_07-06-2016Жыл сайынғы өтетін «Денсаулық фестивалі» акциясы аясында Өскемен қаласының әкімдігі қолдауымен, Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы 7 маусымда сағат 9.00-13.00-де «Металлург» МС аумағында «Денсаулық қалашығын» ұйымдастырып өткізді.

Ісшараға АИТВ/ЖИТС күрес орталығы, ШҚО наркологиялық диспансер, ШҚО қан орталығы, ШҚО туберкулезге қарсы диспансер қатысты. Қала тұрғындары терапевт, педиатр, нарколог, психолог мамандардан тегін кеңес алды. Облыстық қан орталығы донорлардан қан алды, Облыстық туберкулезге қарсы диспансер тегін флюорографиялық тексеру жүргізді. Шығыс Қазақстан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы тұрғындардың бойын, салмағын, қан қысымын өлшеп, дене салмағының индексін анықтады, салауатты өмір салты сұрақтары бойынша кеңес берді.

350 адам қамтылды, олардың ішінде: 30 адам флюрографиядан өтті, 47 адам донорлық қан тапсырды, 21 адам АИТВ/ЖИТС тексерілуге қан тапсырды, 252 адам терапевтен кеңес алды, 40 адамда жоғары қан қысымы анықталды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған