ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
2016 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында фармацевтикалық қызметтерді сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын тауарлардың толық тiзбесi, олардың саны, егжей-тегжейлі ерекшеліктері және жеткізудің талап етiлетiн мерзiмi тендерлік құжаттамада көрсетiлген.

Тауар жеткізілуі тиіс: №3 қосымшаға сәйкес (тендерлік құжаттамада көрсетiлген).

Қызметтер көрсетілетін мерзім: 2016 жыл бойы.

Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттар, алдын алу (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, және медициналық техника, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережесінің 8-9-тармақтарында көрсетілген бiлiктiлiк талаптарға сай келетiн әлеуетті өнім берушілер ғана жiберiледi.

Тендерлік құжаттар көшірмелерінің пакетiн 2016 жылдың 17 мамырдың қоса сағат 11.00-ге дейiнгі мерзімде мына мекен-жайдан: ШҚО Өскемен қаласы, Гоголь к-сі, 36, мемлекеттік сатып алу бөлімінде №602 кабинет сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (777_plan@mail.ru) электронды поштасы арқылы немесе денсаулық сақтау басқармасының сайтын (www.densaulyk.gov.kz) жергiлiктi уақытпен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн алуға болады.

Тендерлік өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi 2016 жылдың 18 мамыр жергiлiктi уақытпен 13 сағат 00 минутке дейiн.

Тендерлік өтiнiмдер бар конверттер 2016 жылдың 18 мамыр жергiлiктi уақытпен 14 сағат 30 минутке келесі мекенжай бойынша ашылады: 2016 жылдың 18 мамыр күні, 14 сағат 30 мин мына мекен-жайда ашылады: ШҚО Өскемен қаласы,  Гоголь, 36 үй, 4-ші қабат, конференц-зал.

Әлеуетті өнім берушілер конверттердің ашылуына тендерлік тапсырыстарымен қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 52-32-25 телефоны арқылы алуға болады.

ТД Фарм услуги от 29.04.2016г

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған