ХАБАРЛАНДЫРУ

«Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында «Реанимациялық және кардиобригадаларына арналған жедел медициналық көмек автомобилі» сатып алу бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды. Сатып алынатын тауарлардың толық тiзбесi, олардың саны, егжей-тегжейлі ерекшеліктері және жеткізудің талап етiлетiн мерзiмi тендерлік құжаттамада көрсетiлген.

Тауар жеткізілуі тиіс: №2 қосымшаға сәйкес (тендерлік құжаттамада көрсетiлген).

Қызметтер көрсетілетін мерзім: 2016 жыл.

Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету үшін дәрілік заттар, алдын алу (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды, және медициналық техника, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережесінің 8-9-тармақтарында көрсетілген бiлiктiлiк талаптарға сай келетiн әлеуетті өнім берушілер ғана жiберiледi.

Тендерлік құжаттар көшірмелерінің пакетiн 2016 жылдың 8 маусымын қоса сағат 11.00-ге дейiнгі мерзімде мына мекен-жайдан: ШҚО Өскемен қаласы, Гоголь к-сі, 36, мемлекеттік сатып алу бөлімінде №602 кабинет сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (777_plan@mail.ru) электронды поштасы арқылы немесе денсаулық сақтау басқармасының сайтын (www.densaulyk.gov.kz) жергiлiктi уақытпен сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн алуға болады.

Тендерлік өтiнiмдердi тапсырудың соңғы мерзiмi 2016 жылдың 9 маусым жергiлiктi уақытпен 10 сағат 00 минутке дейiн.

Тендерлік өтiнiмдер бар конверттер 2016 жылдың 9 маусым жергiлiктi уақытпен 11 сағат 00 минутке келесі мекенжай бойынша ашылады: ШҚО Өскемен қаласы,  Гоголь, 36 үй, 4-ші қабат, конференц-зал.

Әлеуетті өнім берушілер конверттердің ашылуына тендерлік тапсырыстарымен қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8 (7232) 52-32-25 телефоны арқылы алуға болады.

 Тендерлік құжаттама

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған