тендер өткізу туралы

Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» КМҚК, ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Көкжал Барак көшесі, 11
Е-mail – centr-krovi@yandex.ru
2016 жылы кепілді тегін медициналық көмек көлемін көрсету үшін дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу бойынша тендрдің өткізілуі туралы хабарлайды.
Сатылып алынатын тауарлардың толық тізімдемесі, олардың мөлшері, сатып алуға бөлінген сома және толық сипаттама тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Тауар төмендегі мекенжайға жеткізілуі тиіс: ҚР, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Көкжал Барак кқшесі, 11. Жеткізу мерзімдері мен толық сипаттамасы тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Тендерге Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген «Тегін кепілді медициналық көмек көлемін көрсету бойынша емдік құралдарды, алдын-алу (иммунобиологиялық, диагностикалық, зарарсыздандыру) препараттарын, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Ережелерінің» 8-9 тармақтарында көрсетілген біліктілік талаптарға жауап беретін барлық ықтимал жабдықтаушылар қатыса алады.
Тендерлік құжаттама пакетін 2016 жылдың 16 наурыз күні сағат 14.00-ге дейін келесі мекен-жайдан: ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Көкжал Барак көшесі, 11, 2 қабаттан алуға болады.
Тендерлік құжаттама тегін ұсынылады.
Ықтимал жабдықтаушылар тендерге қатысуға тендерлік өтінімдерді конвертке салып, Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының «Шығыс Қазақстан облысының қан орталығы» КМҚК -на мына мекенжай бойынша ұсынады: ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Көкжал Барак көшесі, 11.
Тендерге қатысуға өтінімдерді ұсынудың ең соңғы мерзімі 2016 жылғы 16 наурыз күні сағат 12.00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2016 жылы 17 наурыз күні сағат 14.00-де мына мекен-жайда ашылады: ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Көкжал Барак көшесі 11, 2 қабат, мәжіліс залы.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефондар бойынша білуге болады:
8(723-2) 70-44-00, 70-41-70.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған