2015 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ статистикалық үлгісін қалыптастыру қорытындысына ТАЛДАУ

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» Заңымен барлық мемлекеттік органдар үшін қараудың бірыңғай заңды тәртібі бекітіліп, жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен мүдделерін қорғау қамтамасыз етілген.
Барлық мемлекеттік органдарда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін тіркеудің бірыңғай критериін қалыптастыру үшін заңның негізгі ережелерін жүзеге асыру, арыздарды қарау туралы статистикалық мәліметтердің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу Ережелері», сондай-ақ «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау туралы» № 1-ОЛ статистикалық есепті құрастыру бойынша Нұсқаулық бекітілген.
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасымен 2015 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша осы есеп дайындалды.
№ 1-ОЛ үлгісіндегі статистикалық есепті қалыптастыру қорытындысы бойынша, 2015 жылдың 1 жартыжылдығында Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасына заңды тұлғалардан барлығы 91, жеке тұлғалардан 192 өтініш келіп түскен.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған