Құзыретін сипаттау

Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

Басқарманың миссиясы:
мемлекеттік саясатты тиімді әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ стратегиялық жоспарлауға сәйкес денсаулық сақтау ісі саласында қызметтердің ұсынылуын реттеуді жүзеге асыру жолымен азаматтардың денсаулығын арттыру.
Міндеттері:
1) облыста денсаулық сақтауда Қазақстан Республикасының заңнамасының орындалуына қамтамасыз ету;
2) азаматтарды және орламандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету.
3) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара қарым-қатынасты жүзеге асыру.
Функциялары:

1) Шығыс Қазақстан облысы аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 1) тармақшасы);
2) Шығыс Қазақстан облысы аумағында денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 2) тармақшасы);
3) уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқығын іске асыруын қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 3) тармақшасы);
4) қан мен оның компоненттерінің ерікті өтеусіз донорлығын дамыту жөніндегі шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 4) тармақшасы);
5) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін бақылауды ұйымдастырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 6) тармақшасы);
6) денсаулық сақтау ұйымдарының желісін дамыту мен оларды қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі, оның ішінде дәріханалардың мемлекеттік желісін дамыту және дәріхана қоймаларын құру жөніндегі шараларды қабылдайды («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 7) тармақшасы);
7) денсаулық сақтаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторларының қызметін үйлестіреді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 8) тармақшасы);
8) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 9) тармақшасы);
9) денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 10) тармақшасы);
10) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 11) тармақшасы);
11) медицина және фармацевтика кадрларын даярлауды, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 12) тармақшасы);
12) денсаулықты нығайту, аурулардың профилактикасы, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтануды қалыптастыру үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 13) тармақшасы);
13) белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және олардан емдеуді, оған қоса тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрімен қамтамасыз етуді ұйымдастырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 14) тармақшасы);
14) мүмкіндігі шектеулі балаларды ата-анасының немесе өзге заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларға жіберуді қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 15) тармақшасы);
15) өз құзыреті шегінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 16) тармақшасы);
16) уәкілетті органмен денсаулық сақтау саласындағы қызметтің түпкі нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған меморандум жасасады және оны іске асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 17) тармақшасы);
17) туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматты мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы сот шешімін орындауға жәрдемдеседі («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 18) тармақшасы);
18) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы бөлшек саудада өткiзуді жүзеге асыратын субъектілердің тізілімін жүргізеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 9 бабы 2 тармағы 18-1) тармақшасы);
19) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау, білім және ғылым саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 2) тармақшасы);
20) азаматтарды және оралмандарды тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде уақытша бейімдеу және детоксикациялау жөніндегі медициналық қызметтер көрсетуді қоса алғанда, медициналық көмекпен және дәрілік заттармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 3) тармақшасы);
21) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне мониторинг пен бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 4) тармақшасы);
22) денсаулық сақтау бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері функциясын жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 5) тармақшасы);
23) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі медициналық және фармацевтикалық қызметтер берушіні таңдауды және оның шығындарын өтеуді жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 6) тармақшасы);
24) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету шеңберінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялаушы) препараттарды:
амбулаториялық деңгейде – уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес;
стационарлық деңгейде – дәрілік формулярлар шегінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен сатып алуды жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 7) тармақшасы);
25) медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, медициналық емес жабдықтарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге арналған қызметтер көрсетуді сатып алуды ұйымдастырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 8) тармақшасы);
26) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 9) тармақшасы);
27) мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарын жарақтандыруды қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 10) тармақшасы);
28) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 11) тармақшасы);
29) жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарындағы клиникалық базаларды жоғары және орта медициналық оқу орындарына береді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 12) тармақшасы);
30) төтенше жағдайлар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 13) тармақшасы);
31) медицина және фармацевтика кадрларын даярлау, олардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастырады және үйлестіреді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 14) тармақшасы);
32) гигиеналық оқытуды, салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 15) тармақшасы);
33) халықты әлеуметтік маңызы бар аурулардың және айналадағыларға қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы хабардар етеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 16) тармақшасы);
34) азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 17) тармақшасы);
35) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 18 тармақшасы);
36) ведомстволық бағынысты мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдары басшыларының кәсіптік құзыреттілігіне аттестаттау жүргізеді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 10 бабы 19) тармақшасы);
37) мамандандырылған медициналық көмектің түрлерін белгілейді («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 41 бабы 3) тармақшасы);
38) жергілікті өкілді органның келісімімен ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін жергілікті атқарушы органмен айқындауды қамтамасыз етеді («Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы N 251 Кодексінің 28 бабы 2) тармақшасы);
39) стратегиялық және бағдарламалы құжаттарды мониторингілеу және іске асыру, әзірлеу («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығымен бекітілген 34,37 тармақтары);
40) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемдерін айқындайды («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 8) тармақшасы);
41) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерін қарайды, бекітеді («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 9) тармақшасы);
42) облыстық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асырады («Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 бабы 10) тармақшасы);
43) Қазақстан Республикасының заңнамасындағы Басқармаға жүктелген басқа да функцияларды орындау.
16) Құқықтары:
1) өз құзіретіндегі мәселелер бойынша меншік түріне қарамастан басқармалардан, ведомстволарын, кәсіпорындардан, мекемелерден, ұйымдардан және лауазымды тұлғалардан ақпарат сұрауға және алуға;
2) Басқарманың құрылымдық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты ұйымдарына ішкі бақылауды жүзеге асыру.
3) ведомстволық бағынысты ұйымдардың мүліктерін сақталуына бақылауды жүзеге асырады;
4) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңына мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарының орындалуына талдау және бақылауды жүзеге асырады;
5) денсаулық сақтау саласында бырыңғай мемлекеттік саясаттың орындалуын жүзеге асыру және бақылау;
6) ведомстволық бағынысты облыстың медициналық ұйымдарының және медициналық оқу орындарының денсаулық сақтау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру;
7) азаматтардың денсаулығын сақтау ісі мен денсаулық сақтауды дамытуға айрықша үлес қосқан медициналық қызметкерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға және құрметті атақтар беруге, облыс әкімінің грамоталарымен марапаттауға облыс әкіміне ұсыну;
8) Басқарманың құзіретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізу;
9) азаматтардың денсаулығын қорғау мәселесі бойынша қоғамдық бірлестіктермен өзара іс қимыл жасау;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Міндеттері:
1) бюджеттік қаражатты уақтылы және мақсатты игеруді қамтамасыз ету;
2) денсаулық сақтау саласында мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша заңнамаларды сақтауды қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының шегінде өзінің өкілеттігін жүзеге асырады.
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген басқа да міндеттерді жүзеге асырады.