Мемлекеттік қызмет стандарттарының жобасын көпшілік алдында талқылау

2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 229

 Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің «Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының  2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 16 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 «Мемлекеттік қызметтер реестрін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрлігінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 62 «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 293 «Фармацевтикалық  қызмет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» (11338 номерімен нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 «Медициналық қызмет саласында мемлекеттік қызметтер стандартын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» (11356 номерінде нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Мемлекеттік Тізілімінде тіркелген 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 55 бұйрығына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі «Медициналық және фармацевтикалық қызмет саласындағы регламенттерді бекіту туралы» (4172 номерінде нормативтік-құқықтық актілерді Мемлекеттік тіркеу Тізілімінде тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 141 (17230) Дидар газетінде, 2015 жылғы 9 желтоқсандағы «Рудный Алтай» газетінде жарияланған қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

Берілген қаулыда көрсетілген «Медициналық қызметке лицензия беру» мемлекеттік қызмет регламентін берілген қаулыдағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

«Денсаулық сақтау саласында есірткі заттарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналым саласында қызметті жүзеге асыруға лицензия беру» мемлекеттік қызмет регламентін берілген қаулыдағы қосымшаға сәйкес жаңа  редакцияда баяндау.

 

  1. Берілген қаулы он күнтізбелік күн өткен соң оның бірінші ресми жариялану күнінен кейін әрекетке енгізіледі.

 

 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі                                              Д. Ахметов