Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілерінің арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберіндегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1 – үйде орналасқан «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына қосылған денсаулық сақтау субъектілерінің арасында 2018 жылға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде:

медициналық көмектің мынадай нысандары бойынша:

консультациялық-диагностикалық көмек, оның ішінде қан, оның компоненттері мен препараттарын дайындау саласында қызметін жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарының қызметтері;

стационарлық медициналық көмек (инфекциялық ауруларға медициналық қызмет көрсету);

стационарды алмастыратын медициналық көмек.

медициналық көмектің түрлері бойынша:

білікті медициналық көмек;

мамандандырылған медициналық көмек.

көрсетілетін қызметтер бойынша:

қымбат тұратын консультациялық-диагностикалық көрсетілетін қызметтер (Полимеразды тізбекті реакция, Компьютерлік томография, Магниттік-резонансты томография);

– шұғыл стоматологиялық көмек қызметтері;

– жоспарлы стоматологиялық көмек қызметтері;

– шұғыл травматологиялық (травматологиялық пункттерде) көмек қызметтері бойынша көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыру рәсімдерін өткізу туралы хабарлайды.

Көрсетілген медициналық қызметтер Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысының аумағында денсаулық сақтау субъектісінің өндірістік базасының орналасу орны бойынша көрсетіледі.

Көрсетілген медициналық қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімдерді (бұдан әрі – өтінімдер) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы Қазақстан көшесі 64/1 – үйде, 3 – қабат, № 5 – кабинетіне ұсынады.

Қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау басталатын күн – 2018 жылғы
«08» қараша 9 сағат 00 минут.

Қатысуға арналған өтінімдерді және оған қоса берілетін құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі – 2018 жылғы «16» қараша 18 сағат 30 минутқа дейін.

Қосымша ақпаратты және анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: +7 (7232) 500-961.

Ескертпе:

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы
№ 591 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары) сәйкес:

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі өңірлік комиссияға өндірістік базаның орналасқан жері бойынша жоғары технологиялы медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін қоспағанда ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің көлемін орналастыруға үміткер өңірлік деңгейдегі денсаулық сақтау субъектілері өтінім береді;

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жанындағы медициналық көрсетілетін қызметтерді таңдау және орналастыру жөніндегі республикалық комиссияға ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің жоспарланған көлеміне өтінімді дерекқорға енгізілген және:

1) республикалық деңгейде ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге үміткер;

2) республикалық және өңірлік деңгейде жоғары технологиялық медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілері береді.

Республикалық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің тізбесі (осы хабарландыруға 2-қосымша) қоса беріліп отыр. Бұл ретте, көрсетілген денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының жанындағы  өңірлік комиссияға өңірлік деңгейде халыққа көрсетілетін қызметтерге өтінім береді.

Өтінімдерді денсаулық сақтау субъектілері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (www.fms.kz), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (www.mz.gov.kz), Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының
(www.densaulyk.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылған Көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларына сәйкес нысан бойынша ұсынады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған