Құтырма туралы білудің артықшылығы жоқ

beshenstvo_ostorozhnoҚұтырма ауруы – аса қауіпті, адамдар мен малдардың арасында тарайтын, орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, жұқпалы індетке жатады.

Ауру қоздырғышы өте ұсақ вирустар. Табиғатта аурудың қоздырғыштары, қасқыр, түлкі, қарсақ секілді жыртқыш аңдарда сақталады. Адамзаттың ең алғашқы қолға үйреткен жануарларлары ит пен мысықта бұл ауруға жиі шалдығады және құтырма ауруымен адамдардың және басқа да үй жануарларының ауруына себеп болады. Құтырма – ақыры өлімге әкеліп соғатын, аса қауыпты ауру.Жануар адамды немесе басқа жануарларды тістеп, қапқанда, жараға жұққан сілекейі арқылы ағзаға түседі де қан арқылы нерв талшықтарына жетіп, орталық нерв жүйесіне қарай жылжиды. 

Жануарлардың ауру белгілері әр түрлі сипатта өтеді, ең бірінші көңіл аударатын жағдай-жануардың мінез-құлқының күрт өзгеруі. Мәселен, иттер  жеуге жарамайтын заттарды –тасты, әйнекті жұта бастайды. Астыңғы жақ сүйегі салбырап, аузын жаба алмай, сілекейі ағып жүреді. Құтырма екі түрде өтуі мүмкін: бірінші алас ұрып, екі көзі қанталап, маңайындағыларға шабады, адам болсын, басқа жануар болсын ешнәрседен қорықпай, тістеп, жұла береді. Немесе салғырт түрі, артқы аяқтары сал болып, белін көтере алмай бұралаңдап қалады. Судан, жарықтан қашып тығылуға тырысады. Құтырған қасқыр, түлкілер еш нәрседен қорықпай адамға, малға  шабады. Тіпті жұп-жуас күнде мініліп жүрген жылқының өз басқаларды теуіп, тістеп, маңайындағы қоршауды шағып, аса қауып төндіреді.

Құтырма вирусымен зақымданған жануар алғашқы белгілері біліне бастағанға дейін 3-10 күн бұрын қауіпті және бүкіл ауру кезеңінде қауіпті болып келетінін естен шығармау керек.

Әсіресе бас, бет, мойын, білезік, гениталий, қол және аяқ саусақтары ның тістеуі ең қауіпті болып саналады.

Қашанда есте сақтаңыз, ит, мысық немесе басқа үй жануарларында құтырманың белгілері біліне бастаса, сақтық шараларын қолданып, дереу ветеринар мамандарына көрсетіңіз. Өздігіңізден көмек көрсету, өміріңізге қауыпты.

Егерде, оқыстан жануарлар тістеп, тырнап немесе сілекейі жұққан жағдайда, дереу жергілікті медицина мекемесіне қаралып болған жайды толығымен,  жасырмай айту керек.  Құтырмамен аурудан, яғни сөзсіз өлімнен, тек қана уақытында, толығымен жүргізілген егу ғана алып қалады. Егуді алмай  созған әрбір күн, немесе толығымен алмай орта жолда тоқтатқан, өзіне өзі өлім жазасын кескенмен бірдей.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында құтырма вирусына қарсы иммунитетті қалыптастыратын, арнайы антирабиялық екпе қолданылады. Екпені асықпай бұлшықетке 0,5 мл көлемінде ересектерге дельта тәрізді бұлшықетке, 5 жасқа дейінгі балаларға – санның алдыңғы бүйір беткейінің жоғарғы бөлігіне, тістелген күні, 3, 7, 14 ,30, 90 күндері жасалады. Иммунитет бір жылға сақталады. Егер бір жыл өткен соң қайта тістелсе, жаңа антирабиялық курсты тағайындалады.

Өскемен  қаласында жануарға тістелгендерге алғашқы медициналық көмек (жараны өңдеу, антирабиялық егудін бірінші екпесін, қажет болса иммуноглобулин) ересектерге «Шығыс Қазақстан Облыстық арнайы мамандандырылған» КМК-де (Абай көшесі, 18) және балаларға  «Ана мен бала орталығы» КМК-де (Утепов көшесі, 37) корсетіледі. Қалған екпелер, рабиолог маманның кеңесі зардап шеккен ересектерге Өскемен қаласының №2 емханасының пастерлік кабинетінде (Буров көшесі, 61) жасалады.

 

«ҚР ДСМ ҚДС Комитетінің ШҚО ҚДС Департаментінің Өскемен қ. қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» РММ басшысы М. Дерябин

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған