Алкоголь мен темекі шегудің зияны туралы

S8860014Жыл сайын елімізде ұлттық бағдарлама бойынша темекі шегуден (15 қараша) және алкогольдік ішімдіктер ішуден (22-31 қазан аралығында) бас тарту күні өткізіледі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, темекі салдарынан пайда болған аурулардан 2017 жылы 5 миллионнан астам адам қайтыс болған. Қазақстанда темекі індетінің құрбандары елдің еңбекке қабілетті халқы – 30-55 жастағы ерлер мен репродуктивті жастағы әйелдер болып отыр. Жыл сайын темекі шегуден 25 мыңнан астам қазақстандықтар түрлі дерттерге шалдығады.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының статистикасы бойынша Қазақстан халқының үштен бір бөлігі алкогольдік ішімдіктер ішіп, тұрғындардың 18 пайызы алкогольге тәуелділігі анықталған.

Шығыс Қазақстан Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары 2-ші қараша 2018ж. Өскемен қаласының ММ «№ 5518 әскери бөлімшесінде», «Алкоголь мен темекі шегудің зияны туралы» семинар өткізді. Іс шара орталық мамандарының презентациялық баяндауы және тақырыпқа байланысты бейнероликтерді көрсетумен өтті. Мамандар ерлер мен әйелдердің репродуктивті денсаулығына және өмірлік маңызды ішкі ағзалар қызметінің төмендеуіне алкоголь мен темекінің тікелей әсері туралы мағлұматтар айтып, салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша пайдалы кеңестер мен ақпараттық материалдар таратты.

ММ «ШҚОСӨСҚО»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған