Аягөз қалалық Политехникалық колледжінде семинарлар болып өтті

20181101_13314530 қазан мен 1 қараша 2018 жылы «Аягөз қаласының Политехникалық колледж» 1-2 курс студеттері арасында «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы мамандары «Ішімдік және жастар» және «Нашақорлық пен шылым шегудің алдын алу» атты тақырыпта семинарлар өткізді.

Мақсаты: Жасөспірімдерге есірткі заттары мен темекі тартудың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туры түсінік беру. Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзінде, өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге, салауатты өмір сүре білуге ат салысуға тәрбиелеу. Осы жаман әдеттердің зиянын білімділікпен түсініп, өз беттерінше қорытындылай білуге, олардан сақтану жолдарын дұрыс таңдап, салауатты өмір құрудың маңызын түсіне білуге бағыттау.

Семинарда студеттерге тақырып түсіндіріліп, «Ішімдіктердің ағзаға зияны» және «Нешақорлық ғасыр індеті» атты видеороликтар көрсетіліп, жалғасын сұрақтар қою мен жауаптар жалғастырды. Семинар аяғында ақпараттық білім беру материалдары таратылды.. Қатысушылар саны-37.

Аягөз қ-ң «Нұрсалауат» Жастар денсаулық орталығы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған