Пайдалы және зиянды тағамдар

20181030_153604Шығыс Қазақстан Облыстық салауаты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары қазан айының отызы күні Өскемен қаласының «Қарлығаш» бала бақшасында жоғарғы және орта топтар арасында дұрыс тамақтану бала ағзасының қалыпты өсіп дауының негізі екендігі жөнінде «Пайдалы және зиянды тағамдар» тақырыбында семинар, викториналар өткізді.

Балалар пайдалы және зиянды тағамдар арасындағы айырмашылықты көрсете отырып жасыл және қызыл түсті қорабшаларға орналастырып маманның көмегімен өз ойларымен бөлісті.

Салауаты өмір салтын қалыптастыру орталығының маманы қытырлақтардың денсаулыққа қаншалықты зияндығын сынақ жүргізу арқылы балаларға көрсетті. Қытырлақтарда өте көп мөлшерде майлар бар, ал сары түс – бұл бояу, бояғыш. Бояғыштар – зиянды заттар, олар аллергияны тудырады, тісті бүлдіреді, сонымен қатар олар тәуелділікті тудырады. Одан басқа, қытырлақтарда сүйектің қалыпты өсуіне кедергі келтіретін көп тұздар болады бұл өсіп келе жатқан жас ағзаның қалыпты дауына кедергі келтіреді. Осылайша балалар қандай азық-түліктердің денсаулыққа пайдалы, қандайы керісінше зиянды екендігін білді.

ММ «ШҚОСӨСҚО»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған